Қостанайда үш келіден астам есірткі тәркіленді

Қостанайда үш келіден  астам есірткі тәркіленді

Қостанай полицейлері үш келіден астам марихуана тәркіленген екі әйелді ұстады.

Жедел іс-шараларды өткізу барысында Қостанай қ.ПБ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері 35 жастағы әйелден өсімдік тектес заты бар 15 полиэтилен түйіншегін тапты. Сараптама қорытындысына сәйкес, табылған зат салмағы бір келіден асатын кептірілген марихуана болып табылады.

Сол күні полицейлер облыс орталығының 39 жастағы тұрғынын ұстады. Күдікті қала аумағында есірткі заттарын сатумен айналысқан. Қызметтік іздестіру итін қолдана отырып тінту барысында оның пәтерінен екі келіден астам марихуана тәркіленді.

Жыл басынан бері өңірде есірткіге байланысты 141 қылмыс пен құқық бұзушылық анықталды. Тәркіленген есірткі құралдарының жалпы салмағы 12 келіден асады