Қостанайлық полицейлер "Қауіпсіз жол" жедел алдын алу іс-шарасының 10 күнінде үш мыңнан астам жол жүру ережесін бұзушылығын анықтады

Қостанайлық полицейлер "Қауіпсіз жол" жедел алдын алу іс-шарасының 10 күнінде үш мыңнан астам жол жүру ережесін бұзушылығын анықтады

Жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында 2021 жылғы 13 шілде мен 12 тамыз аралығында облыс аумағында "Қауіпсіз жол"профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
Он күн ішінде Қостанай облысында 3136 ЖҚЕ бұзушылық анықталды, оның ішінде 66 жүргізуші көлікті мас күйінде басқарғаны үшін ұсталды.
Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 397 жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Техникалық байқаудан өтпеген көлік құралын басқарғаны үшін - 109 жүргізуші; көлік құралдарын заңсыз қайта жабдықтағаны үшін – 25 жүргізуші, басқару кезінде телефонды пайдаланғаны үшін - 162 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды; белгіленген қозғалыс жылдамдығын арттырғаны үшін-251 жүргізуші, қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін – 494 жүргізуші, қарама - қарсы қозғалыс жолағына шыққаны үшін - 9 жүргізуші, авариялық жағдай туғызғаны үшін - 22 жүргізуші, теміржол өткелдерінен өту ережелерін бұзғаны үшін - 15 жүргізуші, жаяу жүргіншілерге артықшылық бермегені үшін – 65 жүргізуші, көлік құралын басқару құқығы жоқ жүргізушілерді басқарғаны үшін-46 жүргізуші, көлік құралын басқару құқығынан айырылғандарды басқарғаны үшін-4 жүргізуші ұсталды.
125 машина арнайы айып тұрағына орналастырылды, оның ішінде 43 шетел мемлекеттерінде (РФ) есепте тұрғандар - Рудный қ.КБ (42), Федоров АПБ (1).
Қостанайлық полицейлер аймақ тұрғындарын жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдық режимін асырмауға және жолдарда қырағы болуға шақырады.
Ағымдағы жылдың шілде айында облыста 7 жол-көлік оқиғасы орын алып, 3 адам қаза тауып, 6 адам жарақат алды.