Екі жол-көлік оқиғасы полицияның тексеруіне себеп болды

Екі жол-көлік оқиғасы полицияның тексеруіне себеп болды

Бұрын жол-көлік оқиғалары болған учаскелердегі жолдарды тексеру барысында Қостанай облысы ПД Жол және техникалық инспекция қызметкерлері ЖКО-ның алдын алу мақсатында мердігер ұйымға жол қозғалысын реттеудің қосымша техникалық құралдарын (жол белгілері, жол таңбаларын салу, Шу жолақтары және т.б.) орнату бойынша нұсқама жіберді.
Алайда, берілген ұйғарым бойынша белгіленген мерзімде жолдың осы учаскесіне қызмет көрсететін ұйым ұйғарым талаптарын орындамады.
Әңгіме "Қостанай-Введенка"облыстық маңызы бар автожолында орын алған екі ЖКО туралы болып отыр.
2021 жылғы 15 мамырда сағат 21:00 шамасында автожолдың 40-шы шақырымында "ВАЗ 21099" маркалы автокөлігінің жүргізушісі Введенка ауылы бағытында жүріп, рульді басқара алмай, автокөлікті кюветке аударып жіберді. Нәтижесінде, 1994 жылы туған жолаушы Қостанай облыстық ауруханасының реанимациясына түрлі жарақаттармен жатқызылды, жүргізуші алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.
2021 жылғы 3 маусымда сағат 21:00 шамасында 1966 ж.т. Александровка кентінің маңында "Фольксваген Пассат" маркалы автокөлікті жүргізіп келе жатқан жүргізуші рульді басқара алмай, кюветке аударылып, нәтижесінде алған жарақаттарынан ЖКО орнында қайтыс болды.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында "Жол жүрісі туралы" 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабына сәйкес "Қостанай ауданаралық жол пайдалану кәсіпорны" мердігерлік ұйымына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 462-бабының 3-бөлігі (мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары (лауазымды адамдар) берген нұсқамаларды тиісінше орындамау) бойынша хаттама жасалды.
Материал Қостанай аудандық сотына түпкілікті процессуалдық шешім қабылдау үшін жіберілді.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері Қостанай облысы полиция департаменті басшылығының тұрақты бақылауында.
Естеріңізге сала кетейік, жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында 2021 жылғы 13 шілде мен 12 тамыз аралығында облыс аумағында "Қауіпсіз жол"профилактикалық іс-шарасы өткізіледі. Жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу кезеңінде 3 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзу анықталды, оның ішінде 66 жүргізуші көлікті мас күйінде басқарғаны үшін ұсталды.