Облыс орталығында жаңа жол белгісі пайда болды

Облыс орталығында жаңа жол белгісі пайда болды

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында Қостанай облысының полиция департаменті АҚШ және Малайзия сияқты елдердің көп жылдық шетелдік тәжірибесін зерделеді, бұл жол қозғалысына қатысушылардың назарын аударуға, сол арқылы жол-көлік оқиғаларының алдын алуға мүмкіндік беретін ашық сары көлденең жол таңбасын салудың жоғары тиімділігін куәландырады.
Қостанай қаласында алғаш рет Нұр-сұлтан қаласынан кейін эксперименттік тәртіпте Чехов көшесі бойымен Тәуелсіздік көшесінен Дощанов көшесіне дейін сары түсті қос тұтас жол таңбасы түсірілді.
Облыстық полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Андрей Григоревскийдің айтуынша, бұл белгі жүргізушілердің назарын, соның ішінде ауа-райының нашарлауы кезінде және тәуліктің кез келген уақытында шоғырландыруға, осылайша жол қауіпсіздігінің деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.