Қостанай облысында браконьерлік фактісі анықталды

Қостанай облысында браконьерлік фактісі анықталды

2021 жылдың ақпан айының соңында Амангелді аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері заңсыз аң аулау фактісін анықтады.
Тергеу барысында жергілікті ЖШС-нің бірінің қызметкері және оның 41 жастағы танысы "Обалы" елді мекенінде Берәлі қыстауынан 32 шақырым жерде аң аулауға шығып, 2 жабайы қабанды атып өлтіргені анықталды.
Аумақты тексеру барысында полиция қызметкерлері жабайы қабандардың фрагменттерін (ет және тері), 12 калибрлі "ИЖ-43" маркалы екі ұңғылы мылтықты тауып алып, тәркіледі.
Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 337-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Облыстық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының табиғатты қорғау полициясы бөлімінің аға инспекторы Ғазретғали Әлімғазиннің айтуынша, полиция қызметкерлері жыл басынан бері табиғатты қорғау заңнамасын бұзғаны үшін 131 құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартқан, оның ішінде 68-і аң аулау ережелерін бұзғаны үшін және 63-і заңсыз балық аулағаны үшін.
Жалпы табиғат қорғау заңнамасының ережелерін бұзғаны үшін 2 млн теңгеге жуық (1 837 710 теңге) айыппұл салынды.
Экологиялық қылмыс жасағаны үшін ҚР ҚК 337-бабы (Заңсыз аңшылық) бойынша 2 қылмыстық іс тіркелді.