"Гүл мен ақша:" Қостанайда полицейлер ұрлықты жедел әшкереледі

"Гүл мен ақша:" Қостанайда полицейлер ұрлықты жедел әшкереледі

2021 жылғы 28 ақпанда сағат 19:34-те Қостанай қ.ПБ "102" пультіне Жеңіс көшесінде гүл дүкенінен мүлік ұрланғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Сатушының айтуынша, бейтаныс адам дүкенге келіп, кеңсе пышағымен қорқытып, 21 мың теңге ақша мен гүл шоғын алып кеткен. Осыдан кейін шабуылдаушы белгісіз бағытта қашып кетті. Дүкеннің сатушысы Айгүл Басалова бірден полицияға қоңырау шалды, патрульдік полиция батальонының қызметкерлері аға лейтенант Дәулет Досмаилов пен Архат Қайыржанов 30 минут ішінде қаланы патрульдеу барысында күдіктіге ұқсас адамды байқаған, кейін оны сатушы таныған. Күдікті мас күйінде болған, бұрын сотталмаған 31 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.
Күдікті ақшаның бір бөлігін жұмсап үлгерген. Өз кезегінде гүл сатушы Айгүл Басалова полицейлердің жедел жұмысын атап өтіп, полиция департаменті бастығының атына алғыс хат жазды.
Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 191-бабы "Тонау" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.