Дрифт бмв

Дрифт бмв

Бейнебақылау камералары арқылы жүргізушінің көлік құралымен жолдың жүру бөлігінде әдейі дрифт жасағаны анықталды. Маневрлер салдарынан жол жабынында көлік шиналарының іздері қалып, жол жабыны бүлінген.

 

Полиция қызметкерлері дереу тиісті шаралар қабылдады. Құқық бұзушы анықталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Ол Қостанай қаласының 21 жастағы тұрғыны Максим Юрьевич Бугаев болып шықты. Жыл басынан бері ол жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 16 рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бұдан бөлек, бұған дейін ұсақ бұзақылық жасағаны үшін де бір рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

 

Аталған факті бойынша жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен оған 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

 

Жол жабынына келтірілген залалдың салдары жойылды.

 

Полиция ескертеді: жолда қауіпті маневрлер жасау қозғалысқа қатысушылардың қауіпсіздігіне қатер төндіріп, ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.

 

Жолдың жүру бөлігінде дрифт жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген. «Заң мен тәртіп» қағидаты баршаға ортақ.