Дтп Алматы-Екатеринбург

Дтп Алматы-Екатеринбург

«Алматы – Екатеринбург» автожолының 384-шақырымында «ГАЗель» және «Лада Калина» автокөліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алып, оның салдарынан 2 адам зардап шегіп, 1 адам қаза болды. Аталған факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.

Алдын ала мәлімет бойынша, «ГАЗель» автокөлігінің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, «Лада Калина» жеңіл автокөлігімен соқтығысқан.

Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайлары анықталуда.

Істің барысы мен тергелуі бақылауға алынды.

Қостанай облысының Полиция департаменті жүргізушілерге жол қауіпсіздігіне ерекше жауапкершілікпен қарау қажеттігін ескертеді.

Ұзақ сапарға шығар алдында міндетті түрде ұйқыңызды қандырып, жақсылап демалыңыз. Егер ұйқышылдық, шаршау немесе зейіннің төмендегенін сезсеңіз, көлік тізгініне отырмаңыз немесе дереу қауіпсіз жерге тоқтап, демалыңыз.

«Қалай болғанда да жетемін» деп жолды жалғастыруға тырыспаңыз. Бірнеше минуттық демалыс сіздің және жолдағы басқа адамдардың өмірін сақтап қалуы мүмкін.

Есте сақтаңыз: көлік жүргізу кезінде ұйқымен күресуге болмайды. Ұйқысы қанбаған жүргізуші – көлікті басқара алмай қалған жүргізуші сияқты жол қозғалысына қауіп төндіреді.

Өзіңізді және жол қозғалысына қатысушыларды қорғаңыз. Шаршаған күйде көлік тізгініне отырмаңыз!