
Рудныйда көлік жүргізу құқығынан айырылған жүргізуші мас күйінде ұсталды
Рудныйда полицейлер көлік жүргізу құқығынан айырылған бола тұра, алкогольдік масаң күйде рульге отырған жүргізушіні анықтады.
Оқиға 20 қыркүйекте сағат 02:23 шамасында тұрғын үй ауласында болды. 34 жастағы ер адам Nissan автокөлігін басқарған.
Тексеру барысында жүргізушінің алкогольдік масаң күйде болғаны және бұрын жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды.
Осы факті бойынша тергеу жүргізілуде.