Бекет Аймағамбетов: "Қызметкерлерге қамқорлық жасау - бүгінгі күннің маңызды басымдығы»

Бекет Аймағамбетов: "Қызметкерлерге қамқорлық жасау - бүгінгі күннің маңызды басымдығы»

Қостанайда патрульдік полиция жасақтарының гарнизондық таратуы өтті. Қостанай облысы ПД бастығы Бекет Аймағамбетов жеке құрам алдында сөйлеген сөзінде полиция қызметкерлерінің назарын ішкі істер органдарын реформалау және "Халық үніне құлақ асатын мемлекет", "Қадамдық қолжетімділік полициясы" қағидаттарын іске асыру жөніндегі міндеттерге аударды.
Тұңғыш Президент күнін мерекелеу қарсаңында ведомство басшысы қызметкерлерді келе жатқан мерекемен құттықтап, денсаулық пен жұмыста жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуді тіледі.
Бүгінде өңірде, соның ішінде көшелерде және қоғамдық орындарда жаяу патрульдеуге көшудің және жасалған құқық бұзушылықтарға жедел ден қоюдың арқасында қылмыстың айтарлықтай төмендегені байқалады.
Патрульдік полиция жұмысының маңызды көрсеткіштерінің бірі азаматтарға көмек көрсету және қылмыстарды ізін суытпай ашу, сол үшін халықтың алғысына бөлену.
Осы жылдың өзінде екі патрульдік полиция батальоны 500-ден астам қылмысты ашып, 100-ден асам жүргізушіге көмек көрсетті.
Патрульдік полицияның барлық экипажы қажетті құралармен жабдықталған:
электрондық рулеткалармен, пульверизаторлармен. Барлық қызметкерлердің планшеттері бар. Әрбір патрульші ЖКО орнына келеді, әуелі оқиға желісін сызады, құжаттар кейін жергілікті полиция қызметінде ресімделеді. Осылайша, көліктер жолда тұрмайды, ал жол-көлік оқиғаларын тіркеу уақыты 30 минутқа дейін қысқарды.
-Бүгін сіздер қиын жағдайда жұмыс істейсіздер және өз денсаулықтарыңызды қорғау керек. Барлық қызметкерлер қажетті қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген. Қазірдің өзінде Қостанай облысы ПД емханасы мен госпиталін нығайту бойынша шаралар қабылдануда. Жақын арада мұнда рентген аппараты мен УДЗ аппараты пайда болады. Қажетті дәрі-дәрмектер сатып алынды, - деді Бекет Аймағамбетов.
Барлық бөлімшелерде жұмыс уақытының тиімділігіне талдау жүргізіледі.
ПД бастығы полиция қызметкерлерін материалдық ынталандыру бойынша қабылданатын шаралар туралы да айтты.
- Биылғы жылы, сөгіс алмаған әрбір қызметкер, короновирусқа қарсы күресте қызмет істегені үшін сыйақы алатын болады. Бұл өз қызметтік міндеттерін тиімді орындауға ынталандырады, - дейді генерал.
Патрульдік полиция ротасының командирі майор Марат Нұрымбетов биылғы жылы қылмысты "ізін суытпай" ашқаны үшін оған сыйақы берілгенін атап өтті. Ол өзінің серіктесімен бірге бірқатар автокөлік ұрлықтарын жасаған күдіктіні ұстады.
- Біз әуелі заң мүедсін қорғаймыз, қоғамдық тәртіпті сақтаймыз. Әрине, мұндай сыйақылар ыталандыра түсетіні рас, - дейді полицей.
Полиция жұмысының форматы жыл сайын өзгеріп отырады. Қазіргі уақытта облыста полицияға 90-нан астам еріктілер ұйымы көмек көрсетеді, олардың құрамында 3 мыңға жуық адам бар.