Ренат Набиев: "Отанға деген сүйіспеншілік мені полиция қызметіне алып келді»

Ренат Набиев: "Отанға деген сүйіспеншілік мені полиция қызметіне алып келді»
Қазақстандық полицейлер алғаш рет ұазақ уақыт күшейтілген режимде жұмыс істеп келеді. Тоғызыншы ай қатарынан тәртіп сақшылары COVID-19-мен күресті жалғастыруда. Бірақ бұған қарамастан, олар күн сайын құқық қорғау қызметінде қызмет етеді. Полиция қызметкерінің жұмысында, сөзсіз, патриоттық пен патриотизм басты орында. Үлгілі полицейлердің бірі - полиция майоры Ренат Набиев деп айтуға болады.
Ренат Рафикович-Қостанай облысы ПД арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы. Ол ішкі істер органдарында 15 жыл қызмет етеді. Пандемия кезінде ол санитарлық бекеттерде қызмет етіп келеді.
Бұрын полцияда ешкім отбасында жұмыс жасамаса да, Ренат бала кезінен полиция қызметкері болуды армандаған.
Өз арманын жүзеге асыру үшін ол үнемі жақсы оқып, физикалық тұрғыдан мықьты болуға тырысты.
Ренат Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Лермонтов кентінде дүниеге келген. Урицкий орта мектебін үздік бітірді. 2000 жылы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің заң факультетін қызыл дипломмен тәмамдады.
Сондай-ақ, 2000 жылдың қарашасы мен 2001 жылдың қазаны аралығында Петропавл қаласында әскери борышын өтеп, өз міндеттерін үлгілі атқарғаны үшін 2-дәрежелі "Қайсар" төсбелгісімен марапатталды.
Әрқашан мақсаты биік Ренат осылайша полицияда жұмыс істеуге дайын болды және әскердлен кейін өзінің балалық арманын орындауға шешім қабылдады. 2005 жылдың мамыр айында ол алғаш рет полиция формасын киіп, офицер атанды.
Ренат Рафикович еңбек жолын Қостанай қаласы полиция басқармасының жедел бөлімшелерінде бастаған. Полиция департаментінде 2019 жылдың наурыз айынан бастап арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының Ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы лауазымынан бастады.
Полиция майорының өзі мұның бәрі арманға деген адалдықтың және Отанға деген патриотизмнің арқасында екенін айтады.
– Мен әрқашан Отанға деген сүйіспеншілік орнаған отбасында дүниеге келдім. Басты арманым-өз елімнің лайықты азаматы болу, оны қорғау және бұл арман мені ішкі істер органдарына алып келді. Полиция қызметкері бола отырып, мен әрқашан мемлекеттің игілігі үшін жұмыс істедім. Бұл үшін ата - анама алғысымды білдіремін, - дейді Ренат Набиев.
Қазір ол жастарға жол сілтейтін тәжірибелі қызметкерлердің бірі. Әділдікке, адалдыққа, тәртіпке деген құштарлық, парыз сезімі оны полицияға қызмет етуге шақырды. Осы уақыт ішінде Ренат өзін адал, атқарушы қызметкер ретінде көрсетті, ол әрқашан жеке уақытқа қарамай қызметке келеді.
Оның жұмысын әріптестері де жоғары бағалайды.
- Ренатқа әріптес әрі дос ретінде сенуге болады. Мен оның әрқашан кез келген тапсырмаға дайын тұратынына таң қаламын. Полицейдің жұмысы қиын және бос уақытын болмайды, бірақ ол әрдайым спортпен, шығармашылықпен айналысуға уақыт табады,- дейді әріптестері.
Ренат полиция департаментінің спорттық және мәдени іс-шараларына белсене қатысады.
Ата-анасы оған бала кезінен спортқа деген сүйіспеншілікті оятты. 2018 жылы Ренат шайбалы хоккейден ҚР ІІМ бірінші чемпионатының үздік қақпашысы атанды. Полиция майоры қақпашының үлгілі техникасының арқасында Қостанай командасы Петропавл турнирінде үшінші орынға ие болды.
Ренат сонымен қатар футбол, волейбол, баскетбол, үстел теннисімен айналысады. Бірнеше рет облыстың ДП спорттық турнирлерінің жүлдегері болды, бұл туралы көптеген грамоталар куәландырады.
Ренат Рафиковичті жан-жақты полицей деп атауға болады. Спортпен қатар, ол үнемі шығармашылық шараларға қатысады, полиция департаменті хорының вокалисті.