«Учаске» ЖПІШ-тің аралық қорытындылары
Қостанай облысында құқық бұзушылықтардың алдын алуға, полицияның халықпен өзара іс-қимылын нығайтуға және әкімшілік учаскелердегі мәселелерді уақтылы анықтауға бағытталған «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда.
Бүгінгі таңда полицейлер базарлар мен басқа да сауда орындарында 487 рейд өткізді. Оның ішінде 270 рейд базарларда, 217 рейд азық-түлікке жатпайтын тауарлар сатылатын орындарда жүргізілді.
Іс-шара барысында тұрақты тұрғылықты жері жоқ 56 адам ұсталды, олардың 24-і қабылдау-тарату орнына орналастырылды.
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше көңіл бөлінуде. 117 кәмелетке толмаған ұсталды. Оның ішінде 14 адам алкогольдік ішімдіктер ішкені үшін, 7 адам заңды өкілдерінсіз ойын-сауық орындарында жүргені үшін анықталды, 11-і Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Сонымен қатар кәмелетке толмағандар жасаған 85 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
Бұдан бөлек, полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішудің 1766 фактісін анықтады. Барлық құқық бұзушылар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полиция ескертеді: қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішу заң бұзушылық болып табылады және белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады.
Заң және тәртіп — әрбір тұрғынның қауіпсіздігі мен жайлылығының кепілі.