Қостанайда жаяу патруль қызметкерлері жалғыз адамды ұрып-соққан он бұзақыны ұстады

Қостанайда жаяу патруль қызметкерлері жалғыз адамды ұрып-соққан он бұзақыны ұстады

Қостанайда 2020 жылдың 21 қарашасында сағат 22.00 шамасында 10 адам облыс орталығының 34 жастағы тұрғынын ұрып-соққан.
Жәбірленуші дереу "102 " нөміріне қоңырау шалды. Ол сондай-ақ жаяу патрульдеу полициясының қызметкерлеріне болған оқиға туралы хабарлады. Жәбірленуші бейтаныс адамдар тобы оны ұрып-соғып, 20 мың теңге ақшасы мен велосипедің тартып алғанын айтқан.
Патрульдік полиция инспекторлары Байбол Жансүгіров пен Жандос Тайшенов дереу ЖБО-ға қоңырау шалып, күдіктілердің тұрған жерін анықтауды сұрады. Содан кейін полиция зардап шеккендермен бірге келесі көшеде күдіктілерді тапты.
Полиция қызметкерлері бір топ жастарға жақындап, олардың мас болғанын байқаған. Осы кезде жәбірленуші олардың екеуін таныды.
Жастар тәртіп сақшыларының заңды талаптарына агрессивті түрде жауап берді. Инспектор Жансүгіров қосымша күш шақырып, ждел топ келгенге дейін оларды ұстап тұрды.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі (бұзақылық) бойынша тіркелген сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.