
Қостанай облысында «Балалардың қауіпсіздігі» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтеді
2026 жылғы 29–31 шілде аралығында Қостанай облысының аумағында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Балалардың қауіпсіздігі» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері балалар мен жасөспірімдер көп жиналатын орындарда, саябақтарда, гүлзарларда, су айдындарының маңында, сауда-ойын-сауық орталықтарында, компьютерлік клубтарда және басқа да нысандарда профилактикалық рейдтер мен тексерулер жүргізеді.
Ерекше назар мына бағыттарға аударылады:
🌃 заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жүрген кәмелетке толмағандарды анықтау;
⚠️ қадағалаусыз және панасыз қалған балалардың алдын алу;
🚭 кәмелетке толмағандарға алкогольдік және темекі өнімдерін сату фактілерінің жолын кесу;
‼️ балаларға қатысты құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу;
✅ ата-аналар мен жасөспірімдерге жеке қауіпсіздік шараларын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Қостанай облысы полиция департаменті ата-аналарды балаларына көбірек көңіл бөлуге, олардың бос уақытын қайда және кіммен өткізетінін бақылауда ұстауға, сондай-ақ көшеде, су айдындарының маңында, жолда және интернет желісінде қауіпсіздік ережелерін үнемі еске салып отыруға шақырады.
Балалардың қауіпсіздігі – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз!