
«Қару» ЖПІШ барысында заңсыз сақталған газ тапаншасы тәркіленді
«Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері газ тапаншасын тәркіледі.
Аталған дерек бойынша азаматшаға қатысты Қазақстан Республикасы заңнамасының азаматтық қару айналымы саласындағы талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік іс жүргізу басталды.
Полиция азаматтарға азаматтық қару айналымы саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын қатаң сақтауды ескертеді. Белгіленген талаптарды сақтау қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды шарты болып табылады.