Алаяқтардың жаңа айласы.

Алаяқтардың жаңа айласы.

 

Сіздің атыңызға сәлемдеме келді  – алаяқтардың жаңа айласы

Қостанай облысы Полиция департаменті өңір тұрғындары мен қонақтарына интернет-алаяқтықтың жиілеп кеткені туралы ескертеді.

Алаяқтар өздерін курьерлік қызметтің немесе жеткізу қызметінің қызметкері ретінде таныстырып, атыңызға сәлемдеме келгенін хабарлайды. Кейін жеткізуді растау, мекенжайды өзгерту немесе сәлемдемені беру үшін қажет деген сылтаумен SMS арқылы келген растау кодын айтуды сұрайды.

Шын мәнінде, бұл код арқылы алаяқтар сіздің жеке кабинеттеріңізге қол жеткізіп, атыңыздан несие рәсімдеуі немесе басқа да заңсыз әрекеттер жасауы мүмкін.

❗️Есте сақтаңыз:

* SMS немесе басқа хабарламалар арқылы келген растау кодтарын ешкімге айтпаңыз;
* жеке деректеріңізді, банк картасының мәліметтері мен құпиясөздерді бөгде адамдарға бермеңіз;
* егер сіз күтпеген сәлемдеме туралы хабарласса, әңгімені тоқтатып, өзіңіз ресми жеткізу қызметіне хабарласыңыз;
* күмән туындаса, қоңырау шалушының талаптарын орындамаңыз.

Полиция азаматтарды қырағылық танытуға шақырады. Бейтаныс адамдардың қоңырауларына сенбеңіз және құпия ақпаратты ешкімге бермеңіз. Сақтық – қаражатыңыз бен жеке деректеріңіздің қауіпсіздігінің кепілі.