Дрондар – қауіпсіздік күзетінде: заманауи технологиялар жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын болдырмауға көмектесуде

Қостанай облысында полиция қызметкерлері Жол қозғалысы қағидаларының бұзылуының алдын алу және жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдаланып келеді. Құс ұшар биіктіктен дрондар жолдағы жағдайды жедел бақылауға және ақпаратты жақын маңдағы полиция жасақтарына дер кезінде жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл қауіпті құқық бұзушылықтардың жолын кесуге және қайғылы салдардың алдын алуға ықпал етеді.

Бүгін ұшқышсыз ұшу аппараттарының көмегімен полиция қызметкерлері жол қозғалысы қағидаларын өрескел бұзудың бірнеше дерегінің алдын алды. Жүргізушілер бағдаршамның тыйым салатын сигналына өту, жаяу жүргіншілер өткелінде жаяу жүргіншіге жол бермеу, сондай-ақ бұрылыс көрсеткішін қоспай жолақ ауыстыру фактілері бойынша тоқтатылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Аталған құқық бұзушылықтардың барлығы ауыр жол-көлік оқиғаларына әкелуі мүмкін.

Полиция жол қозғалысына қатысушыларға ескертеді: жолдағы қауіпсіздік – әрбір азаматтың жауапкершілігі. Жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтау, мұқият болу және өзара құрмет көрсету – барлық жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығын сақтаудың басты кепілі.