Полиция қызметкері – жай ғана мамандық емес: Қостанай облысы ПД қызметкері екі жасөспірімді құтқарып қалды.

Полиция қызметкері – жай ғана мамандық емес: Қостанай облысы ПД қызметкері екі жасөспірімді құтқарып қалды.

Полиция қызметкері – жай ғана мамандық емес: Қостанай облысы ПД қызметкері екі жасөспірімді құтқарып қалды.

Қызметтен тыс уақытта да полиция қызметкерлері өздерінің басты міндетіне – адам өмірі мен қауіпсіздігін қорғауға адал болып қала береді. Мұны Қостанай облысы Полиция департаменті Арнайы мақсаттағы жедел әрекет ету жасағы (СОБР) командирінің орынбасары Ерік Сәршенов тағы бір мәрте дәлелдеді. Облыстағы демалыс орындарының бірінде отбасымен демалып жүрген кезінде ол суда батып бара жатқан екі кәмелетке толмаған жасөспірімді байқап, бір сәт те кідірместен көмекке ұмтылды. Досы Айдос Манатовпен бірге олар жасөспірімдерді жағаға шығарып, қайғылы жағдайдың алдын алды.

Ерік Сәршеновтің айтуынша, ойлануға уақыт болмаған – ең бастысы үлгеру керек еді. Ер азаматтардың батылдығының, батыл әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында екі жасөспірімнің де өмірі аман алып қалынды.

Қостанай облысы Полиция департаменті су айдындарында демалу кезінде ерекше сақ болуға шақырады. Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар, тек арнайы жабдықталған орындарда шомылыңыздар, қауіпсіздік ережелерін сақтап, өз мүмкіндіктеріңізді асыра бағаламаңыздар. Есіңізде болсын, қырағылық пен жауапкершілік – ең қымбат құндылық, адам өмірін сақтаудың басты кепілі.