Полицейлер ер адамның өмірін санаулы минуттарда аман алып қалды.

Полицейлер ер адамның өмірін санаулы минуттарда аман алып қалды.

Полицейлер ер адамның өмірін санаулы минуттарда аман алып қалды.

Патрульдік полиция ротасының қызметкерлері шұғыл жағдайға жедел әрекет етіп, көлік тізгінінде келе жатқан 47 жастағы ер адамның денсаулығы күрт нашарлаған сәтте оның өмірін сақтап қалуға көмектесті.

Қызмет барысында патрульдік полиция қызметкерлеріне жеңіл автокөлік келіп тоқтады. Көліктен шыққан әйел жолдасының рөлде отырған кезде өзін жайсыз сезініп, инсульт белгілері байқалғанын хабарлады.

Полицейлер жағдайды дереу бағалап, зардап шеккен азаматты шұғыл түрде ауруханаға жеткізу туралы шешім қабылдады. Қызметкерлердің бірі науқас отырған көлікті өзі тізгіндесе, екіншісі қызметтік автокөлікпен арнайы жарық және дыбыс белгілерін қосып, жолды ашып, кедергісіз әрі жылдам қозғалысты қамтамасыз етті.

Олардың үйлесімді әрі кәсіби іс-қимылының арқасында ер адам жедел түрде Тобыл қаласының жақын маңдағы ауруханасына жеткізіліп, дәрігерлерге тапсырылды. Ол жансақтау бөліміне жатқызылып, қажетті медициналық көмек алды.

Полиция қызметкерлерінің жеделдігі мен кәсібилігінің арқасында азаматтың өмірін дер кезінде сақтап қалу мүмкін болды.