
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында «Қостанай» телерадиокомпаниясының аумағында өңір журналистері мен медиа саласы өкілдеріне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Мерекелік жиында журналистика саласының дамуына және қоғам үшін маңызды оқиғаларды объективті жариялауға үлес қосқан үздік БАҚ қызметкерлері марапатталды.
Қостанай облысы Полиция департаменті басшылығының атынан құттықтау сөз сөйлеген Қостанай облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Қанат Амангелдіұлы. бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне кәсібилігі, жауапкершілігі және ішкі істер органдарымен тиімді ынтымақтастығы үшін алғысын білдірді.
Іс-шара барысында полиция қызметінің жұмысын жан-жақты әрі объективті жариялап, өзара әріптестікті дамытуға қосқан үлесі үшін бірқатар журналистерге Қостанай облысы Полиция департаменті бастығының атынан Алғыс хаттар табысталды. Кездесу соңында қатысушыларға шығармашылық табыс, жаңа жетістіктер және алдағы уақытта да жемісті ынтымақтастық тілінді.