Полиция департаменті мен Орыс драма театры құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында күш біріктіруде. :

Полиция департаменті мен Орыс драма театры құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында күш біріктіруде.  :

Заң мен өнердің үндестігі: Полиция департаменті мен Орыс драма театры құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында күш біріктіруде

2026 жылғы 23 маусымда Қостанай облысы Полиция департаменті мен Орыс драма театры өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Серіктестік «Заң және Тәртіп» қағидаты мен Қазақстан Республикасының «Құқық бұзушылықтардың профилактикасы туралы» жаңа Заңын іске асыру аясында жүзеге асырылуда.

Келісімнің басты мақсаты – жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, өскелең ұрпақты әлеуметтік қауіп-қатерлерден қорғау және құқықтық мәдениетті қалыптастыру үшін құқық қорғау органдары мен театр өнерінің мүмкіндіктерін біріктіру.

Ынтымақтастық аясында тараптар өзекті әлеуметтік тақырыптарды қозғайтын спектакльдер дайындап, сахналайтын болады. Жоба деструктивті мінез-құлықтың алдын алуға және жастардың құқықтық санасын нығайтуға бағытталған профилактикалық шаралардың бір бөлігіне айналады.

Алғашқы бірлескен жоба нашақорлықтың алдын алу және тәуелділікпен күрес тақырыбына арналмақ. Қойылымның премьерасы биылғы қыркүйек айында Орыс драма театрының сахнасында өтеді.