Қостанайлықтарға полицейлерден мерекелік сый
Қазақстан полициясы күні қарсаңында Қостанай қаласындағы Орталық мәдениет және демалыс паркінің жазғы сахнасында қала тұрғындарына арналған мерекелік концерт өтті.
Іс-шараға 6697 әскери бөлімінің, Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының (УССО), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы және Қостанай облысы Полиция департаментінің шығармашыл қызметкерлері қатысты.
Әсем әндер мен жарқын концерттік нөмірлер көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, көпшілікке жағымды әсер қалдырды. Концерт бірлік пен татулықтың жылы атмосферасын қалыптастырып, полицейлердің азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар, өңірдің қоғамдық және мәдени өміріне де белсене қатысатынын көрсетті.