Қазақстан полициясы күні қарсаңында Қостанай облысы Полиция департаменті қызметкерлер арасында волейболдан турнир ұйымдастырды.
Спорттық іс-шара салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыруды дамыту және ұжымдық бірлікті нығайту мақсатында өткізілді. Турнирді «Арлан» спорт клубы ұйымдастырды.
Жарыс барысында полиция қызметкерлері жоғары дайындық деңгейі мен спорттық шеберліктерін көрсетті. Турнир қорытындысы бойынша үздік ойыншылар іріктеліп, алдағы республикалық жарыстар мен Қазақстан чемпионатында Қостанай облысының намысын қорғайтын болады.