2026 жылғы «Қауіпсіз балалық шақ кепілдігі жылы»

2026 жылғы «Қауіпсіз балалық шақ кепілдігі жылы»

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі жариялаған 2026 жылғы «Қауіпсіз балалық шақ кепілдігі жылы» аясында 18 маусым күні Қостанай облысы Полиция департаментінде «Этюд» көркемсурет студиясының тәрбиеленушілері үшін Ашық есік күні өткізілді.

Балалар үшін Полиция департаментінің музейі мен Жедел басқару орталығына танымдық экскурсия ұйымдастырылып, онда олар полиция қызметінің жұмысымен және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің заманауи технологияларымен танысты.

Балалардың ерекше қызығушылығын кинологиялық қызмет мамандарының, Арнайы мақсаттағы жедел әрекет ету жасағының (СОБР) қызметкерлері мен криминалист-мамандардың көрсетілімдері тудырды. Олар өз қызметтерінің ерекшеліктерін таныстырып, арнайы құрал-жабдықтарын көрсетіп, мамандықтары туралы әңгімелеп берді.

Іс-шара жылы әрі достық атмосферада өтіп, балаларға жарқын әсер сыйлап, ішкі істер органдарының қызметімен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді.