)Қаржылық қауіпсіздік мәселелеріне арналған форум.

)Қаржылық қауіпсіздік мәселелеріне арналған форум.

Қостанай қаласында «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті ұйымдастырған қаржылық қауіпсіздік мәселелеріне арналған форум өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдардың, құқық қорғау құрылымдарының, қаржы секторының өкілдері, сондай-ақ қала тұрғындары қатысты.

Форум барысында қатысушыларға интернет-алаяқтық, дропперлік және қаржы пирамидаларының қызметіне байланысты өзекті қауіптер түсіндірілді. Спикерлер алдаудың ең көп таралған схемалары, жеке деректер мен ақша қаражатын қорғау шаралары туралы айтып, цифрлық ортада қауіпсіз әрекет ету бойынша практикалық ұсынымдар берді.

Мұндай іс-шараларды өткізу халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға, қаржылық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және киберқылмыстардың алдын алуға ықпал етеді.