
Қостанай облысының полицейлері қауіпсіз мінез-құлық ережелерін түсіндіруде
Қостанай облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы Алтынсарин ауданында орналасқан «Болашақ» балалар сауықтыру лагерінің тәрбиеленушілерімен профилактикалық кездесу өткізді.
Департаменттің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкері, полиция подполковнигі Амангелді Бапинов лагерьде демалып жатқан Қостанай облысының Меңдіқара, Қостанай, Сарыкөл, Федоров аудандары мен Б.Майлин ауданының оқушыларын оқу жылының аяқталуымен және жазғы демалыстың басталуымен құттықтады.
Полиция подполковнигі Амангелді Бапинов террористік сипаттағы қауіп-қатер туралы ақпарат түскен жағдайда әрекет ету алгоритмін түсіндіріп, тәрбиеленушілерді эвакуациялау, қауіпті аймақтарды қоршау және жедел қызметтер келгенге дейін қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары туралы айтып берді. Сондай-ақ терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама жасағаны үшін жауапкершілік бар екенін еске салды.
«Күдікті заттар анықталған, террористік қауіп туындаған және өзге де төтенше жағдайлар орын алған жағдайда 102 және 112 шұғыл қызмет нөмірлеріне хабарласу қажет!» — деп атап өтті полиция подполковнигі Амангелді Бапинов.
Кездесу барысында Департамент өкілі бірлескен профилактикалық жұмыстың маңыздылығын атап өтіп, лагерь басшылығы мен тәрбиешілерімен бірге кәмелетке толмағандарға жол қозғалысы ережелерін сақтау, жеке қауіпсіздік және құқық бұзушылықтарға жол бермеу қажеттігін еске салды.