
Қостанай облысында жалған нөмірлері бар жүк көлігі анықталды
“Жалған нөмірлер” республикалық профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері Қарабалық ауданында көлік құралына сәйкес келмейтін мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері бар жүк көлігі фактісін анықтады.
“Қайрақ” өткізу пункті ауданындағы автожолда Mercedes-Benz Actros жүк көлігі тоқтатылды. Тексеру кезінде көлік құралының жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлерімен жүргені анықталды. Осы факт бойынша жүргізушіге қатысты әкімшілік материалдар жиналды, көлік құралы мамандандырылған тұраққа орналастырылды.
Полицейлер жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлерін пайдалану заңнаманы өрескел бұзу болып табылатынын және заңда көзделген жауаптылыққа әкеп соғатынын еске салады. “Жалған нөмірлер” профилактикалық пысықтау облыс аумағында жалғасуда.