9 маусым — Арнайы мақсаттағы бөлімшелер күні

9 маусым — Арнайы мақсаттағы бөлімшелер күні

9 маусым — Арнайы мақсаттағы бөлімшелер күні

Қостанай қаласында Қостанай облысы Полиция департаментінің Арнайы мақсаттағы жедел әрекет ету жасағының (СОБР) базасында Арнайы мақсаттағы бөлімшелер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шараға департамент басшылығы, қызмет ардагерлері және арнайы бөлімшелердің қызметкерлері қатысты. Жеке құрам алдында құттықтау сөз сөйлеген Қостанай облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ханат Амагелдинұлы Миндбаев арнайы жасақ қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Департамент басшылығының атынан ол СОБР қызметкерлеріне жоғары кәсібилігі, ерлігі, қызметтік борышына адалдығы және азаматтардың қауіпсіздігін қорғау жолындағы жанқиярлығы үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ бөлімшенің қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқан ардагерлерге ерекше құрмет көрсетілді.

Салтанатты іс-шара барысында үздік қызметкерлерге алғыс хаттар мен ведомстволық наградалар табысталды. Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жолында күн сайын күрделі әрі жауапты міндеттерді атқарып жүрген арнайы жасақ жауынгерлерінің жетістіктері де атап өтілді.

Арнайы мақсаттағы бөлімшелердің қызметкерлері жоғары даярлығы, қайсарлығы мен таңдаған ісіне деген адалдығының арқасында құқық қорғау жүйесінің элитасы саналады.

Қостанай облысы Полиция департаменті арнайы мақсаттағы бөлімшелердің қызметкерлері мен ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, зор денсаулық, отбасылық амандық, қызметтеріне табыс және елімізге тыныштық тілейді.