
(2026 жылдың қаңтар–мамыр айлары)
| Орын | Мекеме | Полицияға түскен хабарлама саны |
|---|---|---|
| 1 | «Джага-Джага» (Рудный) | 11 |
| 2 | «Пинхаус» (Рудный) | 8 |
| 3 | «Нехабар» (Қостанай) | 7 |
| 4 | «Бәрі бір» (Арқалық) | 7 |
| 5 | «Волна» (Қостанай) | 5 |
| 6 | «AjarMall» (Арқалық) | 4 |
Полицияға жүгінудің ең жиі кездесетін себептері:
2026 жылдың 5 айында ойын-сауық орындарынан полицияға келіп түскен хабарламалар саны:
| Қала | Хабарлама саны |
|---|---|
| Қостанай | 83 |
| Рудный | 81 |
| Арқалық | 24 |
| Тобыл | 11 |
Полицияға ең көп хабарлама «Джага-Джага», «Пинхаус», «Нехабар» және «Бәрі бір» ойын-сауық орындарынан түскен. Хабарламалардың басым бөлігі қоғамдық тәртіпті бұзу, жанжалдар мен құқыққа қайшы әрекеттерге байланысты болған.
Полиция азаматтарды қоғамдық орындарда тәртіп сақтауға, айналасындағыларға құрметпен қарауға, жанжалдарға жол бермеуге және алкогольдік ішімдіктерді тұтынуға жауапкершілікпен қарауға шақырады. Демалыс әрбір келуші үшін де, айналасындағылар үшін де қауіпсіз болуы тиіс.
Қоғамдық тәртіпті сақтау, өзара сыйластық пен заң талаптарын орындау құқық бұзушылықтардың алдын алуға және демалыс орындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Полиция өңірдегі ойын-сауық орындарында профилактикалық жұмыстар мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын жалғастыруда.