
Қостанайда полицей суға батып бара жатқан ер адамды құтқарып қалды
Кешкі уақытта «102» пультіне куәгерлерден дабылды хабарлама келіп түсті: үлкен көпір маңындағы Тобыл өзенінде ер адам батып бара жатқан. Әр секунд санаулы еді.
Оқиға орнына алғашқылардың бірі болып патрульдік полиция батальоны взводының командирі Медет Қойшегұлов жетті. Уақытты жоғалтпай, полиция қызметкері адамды құтқару үшін суық суға секіріп кетті.
Полицейдің батыл әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында 34 жастағы ер адам судан аман-есен шығарылды.
Зардап шегушіге қажетті медициналық көмек көрсету үшін ол дереу медициналық мекемеге жеткізілді.
Полиция азаматтарға ескертеді: жабдықталмаған жерлерде суға түсу және судағы қауіпсіздік шараларын елемеу қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін.