Жаңа форматтағы полиция: Қостанайда патрульдік полицейлер электросамокатқа көшуде

Жаңа форматтағы полиция: Қостанайда патрульдік полицейлер электросамокатқа көшуде

Жаңа форматтағы полиция: Қостанайда патрульдік полицейлер электросамокатқа көшуде

Қостанай облысы Полиция департаменті қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде заманауи тәсілдерді енгізуді жалғастыруда. Полиция автопаркі екі электросамокатпен толықты. Енді патрульдік полиция батальонының қызметкерлері азаматтар көп жиналатын демалыс орындарында осы көлікпен қызмет атқаратын болады.

Патрульдеудің жаңа форматы триатлон-паркте, Тобыл өзенінің жағалауында, City Centre ауданында, сондай-ақ қаланың орталық бөлігіндегі саябақтар мен скверлерде жүзеге асырылады.

Электросамокаттарды пайдалану полицейлерге жаяу жүргіншілер аймағында жылдам қозғалып, тұрғындардың өтініштеріне жедел ден қоюға және автокөлік қозғалысы шектелген орындарда қоғамдық тәртіпті тиімді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бүгінде полиция уақыт талабына сай дамып, қоғамның заманауи сұраныстарына бейімделуде. Басты мақсат өзгермейді — азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұрғындар үшін жайлы орта қалыптастыру.

Патрульдеудің жаңа форматы — бұл мобильділік пен тиімділік қана емес, сонымен қатар ашық әрі қолжетімді полицияға жасалған кезекті қадам.