Қауіпсіз демалыс – полиция бақылауында

Қауіпсіз демалыс – полиция бақылауында

Қауіпсіз демалыс – полиция бақылауында

Бүгін өңірдегі барлық мектептерде соңғы қоңырау соғылды. Түлектер үшін бұл күн жаңа өмір кезеңінің бастауы болса, оқушылар үшін көптен күткен жазғы демалыстың басталуымен ерекшеленді.

Іс-шара барысында Қостанай облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Мендыбаев оқушылар мен ата-аналарға жазғы демалыс кезінде қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңыздылығын еске салды. Әсіресе су айдындарында, жолда және қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау ережелеріне ерекше назар аударылды.

Полиция қызметкерлері балаларға жазғы демалысты қауіпсіз, қызықты әрі пайдалы өткізуді, ал ата-аналарға балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлуді тіледі.

#ЗаңМенТәртіп
#ҚауіпсізБалалықШақКепілі
#ҚауіпсізБалалықШақ