
Әкімшілік полиция қызметкерлері тұрақты негізде қала сыртындағы автожолдардағы апаттылыққа талдау жүргізуде.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында республикалық маңызы бар КАЗ-03 «Астана – Сарыкөл – Қостанай – Қарабалық – РФ шекарасы» автожолының бойында, Успеновка және Арман елді мекендерінің маңына «Елді мекеннің басталуы» жол белгілерін орнату жұмыстары жүргізілуде.
Аталған шараларды қабылдау қажеттілігі қалыптасқан апаттық жағдайға байланысты.
Мәселен, 2025 жылы Арман ауылы маңындағы автожол учаскесінде адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғалары тіркелген.
Осыған ұқсас жол белгілерін «Қостанай – Қарабұтақ» автожолының бойындағы Қонай елді мекендерінің маңына орнатылды.
Бұл шаралар жүргізушілерді елді мекенге кіргені туралы дер кезінде хабардар етуге және белгіленген жылдамдықты сағатына 100 км-ден 60 км-ге дейін төмендету қажеттігін ескертуге бағытталған.
Тиісті жол белгілерін орнату жергілікті тұрғындар мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздік деңгейін арттыруға, сондай-ақ елді мекендер арқылы өтетін жол учаскелерінде жол-көлік оқиғаларының қаупін төмендетуге мүмкіндік береді.
Жол қозғалысына қатысушылардан барынша мұқият болып, Жол қозғалысы ережелерінің талаптарын сақтауды және бағдаршамдар мен жол белгілерінің сигналдарына назар аударуды сұраймыз.