Қызмет тиімділігін арттыру және заманауи жағдайлар

Қызмет тиімділігін арттыру және заманауи жағдайлар

Қызмет тиімділігін арттыру және заманауи жағдайлар

Қостанай облысы Полиция департаментінің бастығы Б. Майлин ауданының полиция бөліміне барды. Жұмыс сапары барысында қызмет тиімділігін арттыру және азаматтар мен қызметкерлер үшін қолайлы жағдай жасау мәселелері талқыланды.

Полиция бөлімінде Жедел басқару орталығын ашуға дайындық жүргізілуде. Бұл полиция қызметкерлерінің жедел әрекет етуін арттырып, бөлімшелер жұмысының үйлесімділігін жақсартуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, ғимараттарды жаңғыртуға және азаматтарды қабылдау жағдайларын жақсартуға ерекше көңіл бөлінуде. Бұл тұрғындар мен полиция қызметкерлері үшін неғұрлым қолайлы әрі заманауи инфрақұрылым қалыптастыруға мүмкіндік береді.