Тиімділікті арттыру және заманауи жағдай жасау

Тиімділікті арттыру және заманауи жағдай жасау

Тиімділікті арттыру және заманауи жағдай жасау

Қостанай облысы Полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин Лисаков қалалық полиция бөліміне жұмыс сапарымен барды. Іссапар барысында қызметтің тиімділігін арттыру және азаматтар мен полиция қызметкерлері үшін қолайлы жағдай жасау мәселелері талқыланды.

Полиция бөлімінде Жедел басқару орталығын ашуға дайындық жүргізілуде. Бұл полиция қызметкерлерінің жедел әрекет ету деңгейін арттырып, бөлімшелер жұмысының үйлесімділігін жақсартуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, ғимараттарды жаңғыртуға және азаматтарды қабылдау жағдайларын жақсартуға ерекше назар аударылуда. Бұл тұрғындар мен полиция қызметкерлері үшін қолайлы әрі заманауи инфрақұрылым қалыптастыруға мүмкіндік береді.