9 мамыр – ұрпақтар жады

9 мамыр – ұрпақтар жады

9 мамыр – ұрпақтар жады

9 Мамыр — ата-бабаларымыздың Отан мен бейбіт өмір үшін жасаған ерлігін еске салатын ұлы мереке. Бұл күн әрдайым батырлық пен ерліктің символы болып қала береді.

Жеңіс күніне орай Қостанай облысы Полиция департаменті ардагерлермен және мемлекеттік құрылым өкілдерімен бірлесіп, Отан қорғау жолында қаза тапқан батырларды еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Полиция қызметкерлері күн сайын қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, өңір тұрғындарының тыныштығын күзетуде. Полиция азаматтарды сақ болуға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және өздері мен жақындарын қорғауға шақырады.