Рудный қаласында Ғазиз Байтасов атындағы полицей кабинеті ашылды

Рудный қаласында Ғазиз Байтасов атындағы полицей кабинеті ашылды

Рудный қаласындағы Дм. Карбышев атындағы №14 жалпы білім беретін мектепте полицей кабинеті салтанатты түрде ашылды. Ол мектеп оқушыларын – болашақ полиция көмекшілерін даярлауға арналған.

14 қарашада өткен ашылу рәсімі жастарды патриоттық және құқықтық тұрғыдан тәрбиелеу бағыты бойынша маңызды оқиғалардың бірі болды. Шарадан кейін қонақтар мен қатысушылар «Горняк» мәдениет үйіне барып, мерекелік бағдарламаны тамашалады.

Іс-шараға Қостанай облысы ПД бастығының орынбасары Қанат Меңдібаев және Рудный қаласы Полиция басқармасының басшылығы қатысты.

Жаңа кабинетке батырдың өмірбаяны мен полицей анты салынған стендтер орналастырылды. Мұнда оқушылар саптық дайындықтың негіздерін меңгеріп, үзілістерде тәртіп сақтауға, жауапкершілік, тәртіп пен мінез-құлық ережелерін түсінуге үйренеді.

«Жас сақшы» бірлестігінің қатысушысы, бесінші сынып оқушысы София Гулиенко өз әсерімен бөлісті:
«Бізде осындай кабинет ашылғанына қуаныштымыз. Біз тәртіпке үйреніп, мектепте көмектескіміз келеді және басқа балаларға үлгі болғымыз келеді», – деді ол.

Бағдарлама барысында қонақтар үшін жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың тактикалық элементтер мен дене даярлығын көрсете отырып дайындаған көрсетілімдері, қимылдың үйлесімділігін айқындайтын «карабиншілердің» өнері, сондай-ақ балалар мен ересектердің ән айту нөмірлері ұсынылды. Барлық қойылымдар арнайы осы шараға әзірленіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Шараның маңызды сәттерінің бірі – «Жас сақшы» арнайы куәліктерін табыстау болды. Сонымен қатар балаларға естелік жиынтықтар мен сыйлықтар берілді.

Полиция капитаны Ғазиз Байтасов 2011 жылы Тараз қаласында террористі тоқтатып, үлкен қасіреттің алдын алып, ерлікпен қаза тапқан еді. Оның батырлығы – ерлік, антына адалдық пен міндетке берілгендіктің символы.

Бұл – қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің құрметіне ашылған алтыншы «Жас сақшы» кабинеті.