Қостанай облысына жұмыс сапары: есірткі қылмысына қарсы күресті күшейтуге басымдық берілді

Қостанай облысына жұмыс сапары: есірткі қылмысына қарсы күресті күшейтуге басымдық берілді

Қазақстан Республикасы ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің қызметкерлері өңірлік басқарманың қызметін бағалау мақсатында Тобыл өңіріне жұмыс сапарымен келді.

Алғашқы күні Комитет төрағасы Данияр Мейрхан басқарма жеке құрамымен кездесіп, қазіргі нәтижелерді, ұйымдастырушылық мәселелерді және жедел-қызметтік жұмыстың тиімділігін одан әрі арттырудың басымдықтарын талқылады.

Ол қызметкерлерге атқарылған жұмыс үшін алғыс білдіріп, кадрлық әлеуетті және материалдық-техникалық базаны нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Кинологиялық орталықтың жұмысына ерекше назар аударылды. Қызметтік иттерді ұстау мен даярлау, сондай-ақ кинологиялық қызметті дамыту мәселелері қаралды.

«Есірткі қылмысына қарсы күрес жоғары дайындықты және үздіксіз жетілдіруді талап етеді. Қызметкерлердің кәсібилігін де, көмекші бөлімшелерді де, соның ішінде кинологиялық қызметті дамыту маңызды», — деді Данияр Мейрхан.

Жұмыс сапары алдағы күндері де жалғасады. Оның барысында бөлімшелердің жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталған қосымша кездесулер мен іс-шаралар жоспарланған.