Қазақстанда ауқымы кең «Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы жалғасуда. Онымен бірге полиция жұмысының цифрлық жүйесі де жүріп жатыр. Бүгінде тәртіп сақшыларының қолында тек рация мен хаттама ғана емес, мыңдаған бейнекамера, «смарт-жетондар» және онлайн-бақылаудың заманауи жүйелері бар.
Бәрін «көретін» камералар
Қостанай облысы ПД Жедел басқару орталығында бейнебақылау жүйесінің жұмысы көрсетілді. Бейнебақылау инспекторы Тойгүл Мұратова шағын тәжірибе жасады: мониторда – аялдамада тұрған әріптесі. Ол бейнені үлкейтіп еді, экраннан ер адамның қолындағы сіріңке қорабы анық көрініп, оның жерге тастағаны байқалды.
«Міне, осылай қоғамдық орындарды ластаған құқықбұзушылық тіркеледі. Орта есеппен тәулігіне 40-қа дейін осындай дерек анықтаймын», – дейді Тойгүл Мұратова.
Сапасы жоғары камералардың арқасында жүйе ұсақ-түйек бөлшектерді де айқындай алады. Бұл оны құқықбұзушылықтың алдын алуда және тіркеуде таптырмас құралға айналдырады.
Цифрлық нәтижелер
Қостанай облысы ПД Жедел басқару орталығы бастығының м.а. Аблай Мекебаевтың айтуынша, облыстағы кезекші бөлімдерге 8,5 мыңнан астам бейнекамера қосылған.
Жыл басынан бері олардың көмегімен:
- 300-ден астам қылмыстық іс ашылды,
- 42 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталды.
Тек «Учаске» ЖПІШ барысында облыста 5 мыңнан астам құқықбұзушылықтың жолы кесілді. Оның ішінде:
- бөтеннің мүлкін әдейі бүлдірудің 19 дерегі,
- 70 ұсақ бұзақылық,
- қоғамдық орындарда мас күйінде жүру немесе ішімдік ішу бойынша 625 жағдай,
- ондаған санитарлық тәртіпті бұзу және ластау деректері.
Әрбір осындай дерек – тек статистика емес, көшелер мен аулалардың қауіпсіздігіне қосылған нақты үлес.
Технология тіркейді – адам әрекет жасайды
Оның бір мысалы – Қостанайдың орталық базарын патрульдеу. Инспектор Мұратова учаскелік инспектормен бірге екі ер адамның аяғының астына темекі тұқылын тастағанын тіркеді.
Ақпарат бірден учаскелік полицейге түсіп, оған баспасөз-қызметінің түсірілім тобы қосылған «смарт-жетон» арқылы жағдайды тікелей эфирде бақылап отырды. Әсері – оқиға орнында жүргендей.
Нәтижесінде құқықбұзушыларға әкімшілік жаза қолданылды. Жылдам, құжат жүзінде және ешқандай дау-дамайсыз.
«Цифрлық шешімдер бізге жедел әрекет етуге, ең бастысы – құқықбұзушылықтың алдын алуға көмектеседі», – деп атап өтті полицияда.
Технология – қауіпсіздік үшін
«Учаске» операциясы – тек патрульдер мен азаматтармен әңгімелесу ғана емес. Ол қазіргі технологиялардың қарапайым, бірақ маңызды мақсаттарға қалай қызмет ете алатынын көрсетеді: таза көшелер, қоғамдық орындардағы тәртіп және жанында қауіпсіздікті бақылайтын адамдардың барына деген сенім.
Құқықтық тәртіптің болашағы – технология мен адамның үйлесімінде екенін полиция сенімді түрде көрсетіп отыр.