Қостанайда полиция қызметінің құқықтық қамтамасыз етілуі мәселелері талқыланды

Қостанайда полиция қызметінің құқықтық қамтамасыз етілуі мәселелері талқыланды

Қостанай облысы Полиция департаментінде «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында ІІМ-нің Заң мен норма шығармашылығын үйлестіру департаментінің бастығы, полиция полковнигі Ренат Зулхаировтың төрағалығымен жұмыс кеңесі өтті. Іс-шараға департамент бастығының орынбасарлары Ерлан Сералин мен Қанат Меңдібаев, басқарма басшылары, сондай-ақ сот және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Шақырылғандар қатарында Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Ибрагим Дезиев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы Ерлан Салықбаев, облыстық прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасы бастығының орынбасары Асқар Сыздыков, облыс прокурорының аға көмекшісі Думан Баймендин, Қостанай облысы бойынша Қазынашылық департаменті басшысының орынбасары Гүлмира Құдайбергенова және Қостанай қалалық сотының төрағасы міндетін атқарушы Қанат Шакаров болды.

Сондай-ақ жиынға Астана, Қарағанды, Ақмола, Қостанай облыстары мен Ұлытау өңірлері, Көліктегі полиция департаменттері және Ш.Қабылбаев атындағы ІІМ академиясының заң бөлімдерінің өкілдері қатысты.

Кеңестің негізгі тақырыбы – ішкі істер органдарының қызметін құқықтық сүйемелдеу мәселелері, соның ішінде полицияның соттар мен мемлекеттік органдардағы мүдделерін білдіру болды.

Қатысушылар туындайтын мәселелерді шешуге бірыңғай көзқарасты қалыптастыру үшін тәжірибе алмасу мен сындарлы диалогтың маңыздылығын атап өтті.

Полиция полковнигі Ренат Зулхаиров:
«Ішкі істер органдарындағы құқықтық жұмысты жетілдіру – сот және мемлекеттік органдармен тығыз өзара іс-қимылды талап етеді. Тек бірлескен күш-жігер арқылы ғана біз өңірдегі заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ете аламыз», – деді.

Кеңес қорытындысы бойынша қатысушылар полиция қызметінің құқықтық қамтамасыз етілуі аясында белгіленген міндеттерді іске асыру және одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.