Қостанайда полицейлер мемлекеттік тіл бойынша тестілеуден өтті

Қостанайда полицейлер мемлекеттік тіл бойынша тестілеуден өтті

Қостанай облысында полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы ұйымдастырған "ҚАЗТЕСТ" жүйесі бойынша диагностикалық тестілеуден өтті.

Тестілеуге өңірдің 400 полицейі қатысты. Оның мақсаты – мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі мен қазақ тілі бойынша оқу бағдарламасын игеру дәрежесін анықтау.

"ҚАЗТЕСТ" бағдарламасы тілдік құзыреттіліктің негізгі аспектілерін қамтыды. Атап айтсақ, тыңдалым, аударма, сондай-ақ лексика-грамматикалық тапсырмалар. Мұндай кешенді тестілер мемлекеттік қызметшілердің тілдік дайындығын объективті түрде бағалауға мүмкіндік береді.

Полиция департаменті Ақпараттандыру және байланыс басқармасының қызметкері Михаил Бойчуктың айтуынша, жұмыс барысында қазақ тілін тұрақты қолдану мен жүйелі сабақтарға қатысу оған тестілеуден сәтті өтуге көмектескен. Ол бір жылдан астам уақыт бойы полицейлерге арналған қазақ тілі курстарына қатысып келеді. "Тест маған қиын болған жоқ, өйткені оқу бағдарламасы жақсы құрылымдалған және алған білімімді күнделікті тәжірибеде қолданамын", – деді Бойчук.

Қостанай облысы Полиция департаменті қызметкерлердің тілдік мәдениетін дамытуға ерекше көңіл бөледі. Қазақ тілі сабақтарын Тілдерді дамыту басқармасы жанындағы "Тілдарын" оқу орталығының мамандары аптасына екі рет өткізеді. Бұл бастама мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін арттырып қана қоймай, оның қызметтік ортада кеңінен қолданылуына ықпал етеді.

Мұндай шаралар мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырып, оны қоғамда кеңінен қолдануға жол ашады.
"ҚАЗТЕСТ" жүйесі бойынша тестілеу нәтижелері қазіргі білім деңгейін анықтаумен қатар, полиция қызметкерлерінің тілдік дайындығын одан әрі жетілдіру үшін маңызды бағыт болады.