ҚР ІІМ логотипі
Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Қызметі
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Департамент туралы
Онлайн қабылдау
Все материалы
28 декабря 2022
Қостанай облысында қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кесу фактілері анықталды

Облыс аумағында жаңа жыл қарсаңында қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кесу фактілерін анықтауға, сондай-ақ шыршаның жас өскіндерін қорғауға бағытталған "Шырша" операциясы жүріп жатыр.


Қостанай облысының полиция қызметкерлері мүдделі органдармен бірлесіп, жол бойындағы қылқан жапырақты ағаштар көп өсетін жерлерде тәулік бойы рейдтік іс-шараларды жүргізіп келеді.


Патрульдеу нәтижесінде полицейлер қарағайларды заңсыз кесудің екі фактісін анықтады. Бір факт Меңдіқара ауданында, екіншісі Қостанай ауданында тіркелді, - деді Қостанай облысы ПД табиғатты қорғау полициясының қызметкері, полиция майоры Тимур Нұрсаитов.


Нәтижесінде екі адам "Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою" ҚР Әкімшілік кодексінің 381-1-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді. Үйде шырша орнату үшін ер адамдар орманда жас қарағайларды кесіп тастаған.


15 желтоқсаннан бастап "Шырша" жедел профилактикалық іс-шарасы шеңберінде полиция қызметкерлері 10-нан астам құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішіне қылқан жапырақты ағаштардың заңсыз саудасы кіреді.

21 декабря 2022
Арқалық қаласында уақытша бейімдеу және детоксикация орталығы ашылды

Бүгінгі таңда елімізде 40-қа жуық уақытша бейімдеу және детоксикация орталығы жұмыс істейді.

20- желтоқсанда Арқалық қаласында "Жол картасын" іске асыру аясында тағы бір оңалту орталығы жұмысын бастады. Қазіргі уақытта мекеме 10 адамды қабылдай алады, бұл санды жиырмаға дейін арттыру жоспарлануда. Оның 15-і ерлер үшін, бесеуі әйелдерге арналады.


Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығы тәулік бойы ауырлығы орташа мас адамдарға медициналық көмек көрсету үшін жұмыс істейді. Мекеме Қостанай облыстық психикалық денсаулық орталығының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.


Арқалық қаласында уақытша бейімдеу және детоксикация орталығының ашылуы көптен бері жоспарланып келген еді. Енді мұнда мас адамдар жеткізілетін болады, - деп атап өтті Арқалық қаласы полиция басқармасының бастығы Нұрбол Сәден.


Айта кету керек, мұндай орталық Арқалық қаласына қажет болды. Мәселен, отбасылық жанжал шығарушыларды мас күйін куәландырғаннан кейін уақытша ұстау бөлмелерінде оқшаулаған.
Өңірде мас күйінде жасалған қылмыстардың төмендеуі байқалады. Олардың көпшілігі әкімшілік құқық бұзушылық санатында жасалады.


Екі жұмыс күн ішінде Арқалық қаласының 2 тұрғыны уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізілді.

19 декабря 2022
Қостанайлық полицей еліміздің үздік жедел қызметкерлерінің бестігіне енді

Лисаков қаласының жедел қызметкері Қайрат Жүкенов мамандығы бойынша еліміздің үздік қызметкерлерінің бірі атанды.

ҚР ІІМ-де жыл сайынғы "Үздік жедел уәкіл" кәсіби шеберлік байқауы өтті. Бұл атаққа аумақтық қылмыстық іздестіру бөлімшелерінің 20 қызметкері үміткер болды.

Қостанай облысының атынан Лисаков қаласының жедел уәкілі полиция лейтенанты Қайрат Жүкенов қатысты. Жарысқа қатысушылар заңнама саласындағы білімдерін, сондай-ақ дене шынықтыру және атыс дайындығының деңгейін көрсетті.

- Байқауға Қазақстанның барлық өңірлерінен қылмыстық іздестірудің үздік қызметкерлері қатысты. Олар жедел жұмыстың қыр-сыры бойынша бақ сынасып, жаңа білім алып, тәжірибе алмасты, - дейді жас қызметкер.

Қайрат Жүкенов ішкі істер органдарында 13 жылдан астам қызмет етіп келеді. 34 жастағы полицей жедел-қызметтік жұмыста жоғары нәтиже көрсетіп, еліміздің үздік қызметкерлерінің бірі атанды-байқау қорытындысы бойынша ол осы рейтингте бесінші орынды иеленді.

15 декабря 2022
Қостанайлық полиция қызметкерлері "Біз біргеміз" атты балаларға арналған қайырымдылық концертін ұйымдастырды!

Іс-шараны Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасы мен Қостанай облысының әкімдігі, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балалар аналарының "Радуга" қоғамдық бірлестігі қолдады.

Концертке арналған бағдарламаны облыстың полиция қызметкерлері мен шығармашылық ұжымдары дайындады. Іс-шараға Рудный балалар үйі, Сарыкөл аудандық «Өмір» атты кембағал жандар және мүмкіндігі шектеулі балалардың аналар қоғамы, жетім балаларға арналған «Жанұя» мамандандырылған кешені және мүмкіндігі шектеулі балалардың аналарының "Радуга" қоғамдық бірлестігінің мүшелері шақырылды.

Қостанай облыстық полиция департаментінің бастығы Ерлан Омарбеков мұндай іс - шара мерекелік көңіл-күй қалыптастырып, ерекше қажеттіліктері бар балаларға көмек көрсету мүмкіндігі екенін атап өтті.

Қайырымдылық концерті аясында облыс меценаттарынан ерекше қажеттіліктері бар балаларды оңалту ісінде қажетті құрал-жабдықтар сатып алуға көмек көрсетіліп, балаларға тәтті сыйлықтар табысталды.


"Poltri-Agro" ЖШС Бас директоры Қайрат Маишев жаңа жыл қарсаңындағы іс-шараның маңыздылығын атап өтті. Бүгінгі таңда әрқайсымыз өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуына үлес қоса аламыз,деді.

Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы, "Олжа Агро" ЖШС Бас директоры Айдарбек Ходжаназаров та демеушілік көмек көрсетті.

Сарыкөл аудандық «Өмір» атты кембағал жандар және мүмкіндігі шектеулі балалардың аналары қоғамының басшысы Надежда Полищук іс-шараның барлық қатысушыларына,концертті ұйымдастырушыға алғысын білдірді.

- Мұндай көңіл біз үшін өте маңызды. Полиция департаменті концертке шақырылған барлық тәрбиеленушілерге қамқор болып, тұрақты негізде қолдау көрсететінін атап өтемін. Осындай мереке үшін көп рахмет. Концертке жиналғандар көптеген жағымды эмоциялар алғанына сенімдімін, - деді Надежда Полищук.

Қостанай облысы Кәсіпкерлер Палатасы директорының орынбасары Саят Жүсіпбеков 2022 жыл балалар жылы деп жарияланғанын атап өтті. Елде балаларды қорғау мақсатында Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру саласында нақты шаралар көзделген. "Біз біргеміз" ұранымен мұқтаж адамдарды қолдау мақсатында өткен бүгінгі іс-шара бұған дейін де бірнеше мәрте ұйымдастырылды.

Барлық концертке қатысушылардың атынан концерт ұйымдастырушыларына – Қостанай облысының полиция департаменті мен кәсіпкерлер палатасына алғыс хаттар табысталды.

Іс-шараныың бастамашылары бұл күнді барлық балалардың есінде сақтау үшін бәрін жасады! Көптеген шолулар мұның сәтті болғанын аңғартты!

13 декабря 2022
«Құқықтық тәртіп» жедел- алдын алу іс-шарасы аясында Қостанайлық полицейлер қаруды заңсыз сақтаудың үш дерегін анықтады

"Құқықтық тәртіп" жедел-алдын алу іс-шарасының бірінші күні тыйым салынған заттарды сақтағаны және алып жүргені үшін үш адам ұсталды. Мәселен, заңсыз сақталған қару Жітіқара,Рудный қалаларында және Қамысты ауданында тәркіленді.


Жергілікті полиция қызметі басқармасының мәліметі бойынша 6 қылмыс тіркеліп, оның төртеуі ашылды. Іздеуде жүрген 4 қылмыскер ұсталды.


Сондай – ақ, 463 түрлі әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Оның 101-і елдің көші-қон заңнамасына қатысты. Ал алкогольдік ішімдік ішіп, қоғамдық орындарда мас күйінде жүргені үшін 107 адам жауапқа тартылса, мас күйінде автокөлікті басқарғаны үшін 15 жүргізуші ұсталды.

"Құқықтық тәртіп" Жедел алдын-алу шарасы 15 желтоқсанға дейін жалғасады. Оған 1000-нан астам полиция қызметкері қатысады.

09 декабря 2022
Патрульдік полицейлер тимбилдингке қатысты
Қостанай облысы ПД Кадр саясаты басқармасы «Динамо» спорт кешенінде ППР қызметкерлері үшін тимбилдинг ұйымдастырды. Оның негізгі мақсаты қызметкерлердің жұмыс деңгейін арттыру, олардың кәсіби қызметін ынталандыру және моральдық - психологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету, сондай-ақ қызметке жағымды қарым-қатынас қалыптастыру болды.
 
- Топтық терапия – бұл жұмыстың тиімді әдістерінің бірі болып табылады. және өз эмоцияларын жақсы сезінуге көмектеседі. Барлық қызметкерлер осы іс-шараға белсенді қатысып, өздерінің оң пікірлерін қалдырды. Алдағы уақытта осындай іс-шараларды басқа бөлімшелермен де өткізуді жоспарлап отырмыз, - дейді аға инспектор-психолог полиция майоры Дамира Мекебаева.
 
Іс-шара соңында Қостанай облысы ПД Кадр саясаты басқармасы бастығының орынбасары Есет Шарипов қатысушыларды белсенді қатысқаны үшін грамоталармен марапаттады.
09 декабря 2022
Қостанай облысындағы ІІО ардагеріне "ІІМ құрметті ардагері" төсбелгісі табысталды
В ДП Костанайской области поздравили ветерана ОВД Куаныша Ускина с 80-летним юбилеем и вручили нагрудный знак «Почетный ветеран МВД».
 
За добросовестное исполнение служебного долга и активное участие в воспитании молодого поколения в органах внутренних дел разрешите Вам вручить нагрудный знак «Почетный ветеран МВД».
Поздравляем
 
Вас с юбилеем, желаем крепкого здоровья, долгих лет жизни. Пусть каждый день будет одарен вниманием и заботой родных, - с теплыми словами обратился к ветерану председатель Совета ветеранов ДП Костанайской области Амангельды Умербаев.
 
Куаныш Альжанович проработал в органах внутренних дел более 30 лет. Его служебный путь тесно связан с уголовным розыском. За время работы в ОВД зарекомендовал себя профессионалом своего дела, имеющим отличные показатели в раскрытии преступлений, за что неоднократно поощрялся руководством. Награжден медалями «За безупречную службу» 3-х степеней, грамотами.
08 декабря 2022
Қостанайлық полицейлер мемлекеттік тілді білу бойынша емтихан тапсырды

Олар емтиханды сәтті тапсырып қана қоймай, сертификаттарға ие болды. 2021-2022 оқу жылында 162 қызметкер облыстық "Тілдарын" тілдерді оқыту орталығында оқудан өтті.


Өз білімдерін растаған қызметкерлерге курстан өту туралы сертификаттар салтанатты түрде табыс етілді.


Мемлекеттік тілді білу бүгінгі таңда өте маңызды және өзекті. Айта кету керек, полиция қызметкерлері жақсы білім көрсетті. Олар жұмыстың тығыздығына қарамастан, ынта танытып, сабақтан қалмауға тырысады, - деп атап өтті "Тілдарын" тілдерді оқыту орталығының директоры Тоты Аймағамбетова.


Айта кетейік, қостанайлық полицейлер "Наурыз мейрамы", "Парасатты полицей", "Мемлекеттік тіл - Тәуелсіздік тірегі" сияқты түрлі сайыстарға белсенді қатысып қана қоймай, сонымен қатар бірнеше мәрте жеңімпаз атанды.


Мысалы, ЖҚАЖ қызметкері Илья Криницын тіл үйрену курстарының көмегімен қазақ тілін түсініп қана қоймай, еркін қарым-қатынас жасауды үйренді.


Айта кету керек, полицейлер орталықта тек мемлекеттік тілді емес, ағылшын тілін де үйренеді. Жақында ЖҚАЖ қызметкерлері ағылшын тілі бойынша A2 elementary деңгейіндегі 100 сағаттық курсты аяқтағаны туралы сертификаттарға ие болды. Сабақтар шамамен 2 жылға созылды.

08 декабря 2022
Қостанайлық полицей қыз аязды күні мектеп оқушысына үйіне жетуіне көмектесті

Қыз ауылдың өзінде емес, жол бойында орналасқан саяжайларда тұрады. Сабақ аяқталғаннан соң балалар үйлеріне қайтты. Қыз бала күнде үйіне көлігімен алып баратын әпкесін күтпестен, жол бойымен Чапаев саяжайына қарай жүрді.


Аяз көтеріліп, мектеп оқушысы қатты тоңып қалғандықтан, күшін жинап, көмек іздеп тас жолға көтерілді. Абырой болғанда, осы сәтте Қостанай облысы ПД ЖПҚБ ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция майоры Индира Нуруева өтіп бара жатты.

Ол бірден тоқтап, жаурап қалған қызды көлігіне отырғызды. Жылынғаннан кейін мектеп оқушысы қай жерде оқитынын айтты. Әрі қарай инспектор мектепке хабарласып, әпкесінің нөмірін алды, ол мектепке келіп, қызды таба алмағандықтан, өз бетінше жақын маңдағы аялдамалардан іздей бастаған.


№30 мектеп пен 6 сынып оқушысының отбасы Қостанай облысы ПД ЖПҚБ ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция майоры Индира Нуруеваға бейнехабарлама арқылы алғыс білдірді.


Онда олар полицейге жауапкершілігі мен бейжай қалмағаны үшін ризашылықтарын жеткізді.


- Маған алғыс жариялағандары туралы тіпті білмедім, таныстарым мектептің сайтынан көріп хабарлады. Әрине, бұл жағымды әрі күтпеген жаңалық болды. Алайда дәл сол сәтте мен, бірінші кезекте, балаға қалай көмектесіп, оны тез арада үйне жеткізу туралы ойладым, - деді Индира Нуруева.

07 декабря 2022
«Құқықтық тәртіп» ЖАШ: Қашар кентінде құжаттарды тексеру барысында автокөлік ұрлаушысы анықталды

5 желтоқсан күні кешкі сағат 17 шамасында Қашар кентінде патрульдік полиция ротасы «Құқықтық тәртіп» ЖАШ шеңберінде құжаттарды тексеру мақсатында ресейлік есептегі күдікті автокөлікті тоқтатты.

Жүргізушінің өзімен бірге құжаттары болған жоқ, одан әрі жол полицейлері мемлекеттік нөмірді база бойынша тексерді. Автокөлікке сенімхат басқа адамға жазылғаны белгілі болды.

- Кентті патрульдеу кезінде біз құжаттарды тексеру мақсатында көлікті тоқтаттық. Жүргізуші оларды көрсете алмады. Нөмірлік белгіні базалар бойынша тексергеннен кейін біз көліктің нақты иесін анықтадық. Оған көлігін басқа адам басқарып отырғаны туралы хабарлағанда, ол оны гараж қоғамында қалдырғандықтан, көліктің жоғалғаны туралы білмейтінін де айтты, - дейді патрульшілер Нұрсұлтан Мұхамеджанов пен Ерлан Қозыбаев.

Кейін автокөлік жүргізушісі жұмыстарымен жүріп қайту үшін, басқа біреудің көлігін пайдаланғанын мойындады.

Енді бұрын сотталмаған 41 жастағы ер адамға ҚР ҚК 200 –б. 1-б. бойынша айып тағылды (Көлікті заңсыз иемдену), ешқайда шықпау туралы қолхат алынды.

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы