ҚР ІІМ логотипі
Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Қызметі
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Департамент туралы
Онлайн қабылдау
Все материалы
06 марта 2023
Қостанайлық полиция-психологтар авторлық әдістемені әзірледі

Қостанай облысының инспектор-психологтары ұжымды біріктіру, психоэмоционалды разрядтау және полиция басқармалары қызметкерлері арасында жеке өсуді дамыту үшін "Time psychology" психологиялық іс-шарасын немесе психология уақытын өткізді.


Іс-шара "Қостанай облысы ПД-да полицейдің үлгілі мәдениетін қалыптастыру"Тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде өтті. Құжатта полиция жұмысын трансформациялауға бағытталған бірқатар бағыттар қарастырылған.


Бұл бағдарлама Қостанай облысы ПД инспектор-психологтарының авторлық туындысы болып табылады. "Time psychology" - де қызметкерлер мимика бойынша адамды тану бағытында білімдерін көрсетті. Сондай-ақ есте сақтау және зейін бойынша ойлау процестерін тексерді. Бағдарламада практикалық және теориялық психологиялық тапсырмалар болғандықтан көшбасшылық және шешендік қасиеттерін тексерді, - деп атап өтті Қостанай облысы ПД психологы, полиция майоры Дамира Мекебаева.


Іс-шара соңында қызметкерлер оң пікірлерімен бөлісті және осындай тренингтерді тұрақты негізде өткізу қажеттігін атап өтті.


Қостанай облысы ПД кадр саясаты басқармасында психологиялық іс-шаралар ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалды жақсартады. Корпоративтік рухты арттырады және полиция бөлімшелерінде тәртіп пен заңдылықты нығайтуға ықпал ететініне сенімді.


"Time psychology" іс-шарасының қорытындысы бойынша жеңімпаздарға арнайы ауыспалы кубок табысталды. Болашақта мұндай формат облыс полиция бөлімшелерінде де қолданылатын болады.

02 марта 2023
Қостанай облысында қоғамдық құрылымдардың көмегімен 200-ге жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Өңірде "Сақшы" құқық қорғау бағытындағы 361 жасақ жұмыс істейді. Онда 1 мыңға жуық адам бар. Олар 200-ге жуық құқық бұзушылықтың жолын кесті.


Есеп беру кездесуінде Қостанай облысы ПД бастығы Ерлан Омарбеков азаматтардың қауіпсіз орта құруға қатысуын, сондай-ақ азаматтық белсенділер тарапынан полицейлерге көмек көрсетуді ерекше атап өтті.


Сондай-ақ, құқық қорғау қызметтерін сапалы көрсетудің ажырамас бөлігі қадамдық қолжетімділік қағидатын қамтамасыз ету болып табылады.


- Полицияның материалдық-техникалық жабдықталуы едәуір жақсарды. Мәселен, автокөлік сатып алынуда, жаңа учаскелік пункттер мен модульдік полиция бекеттері ашылып жатыр, - деді Ерлан Омарбеков.


Өңірде полиция жұмысының сервистік моделін енгізу жалғасуда. Қазір пилоттық жоба Қостанай қаласының оңтүстік бөлігінде жүзеге асырылуда. Биыл Қостанай облысының барлық қалалары мен аудандарында полицияның сервистік моделін кеңейту жоспарланған.


Сондай-ақ, есепті кездесуде Қостанай облысы полиция департаментінің 2023-2026 жылдарға арналған үлгілі полиция мәдениетін құру тұжырымдамасы әзірленгені айтылды. Онда азаматтардың жеке, мүліктік және қоғамдық қауіпсіздікке қажеттіліктеріне бағдарланған полиция жұмысын трансформациялау жөніндегі шаралар көзделген.

02 марта 2023
Өңір тұрғындарымен кездесу барысында Қостанай облысы ПД бастығына 50-ден астам сұрақ қойылды

Бүгін Қостанай облысы ПД бастығы Ерлан Омарбеков облыстың әр аудан-қалаларынан келіп түскен 50-ден астам сұраққа жауап берілген есеп беру кездесуін өткізді.

- Бұл жолы жол қауіпсіздігі, бағдаршамдарды орнату және құқық бұзушылықтарды автоматты түрде тіркеу жүйелері бойынша сұрақтар көп қойылды. Бұл қоғамның қауіпсіздік мәселелеріне бей-жай қарамауының көрсеткіші, - деп атап өтті Ерлан Омарбеков.

ПД бастығы өңірдегі криминогендік жағдай туралы халықты хабардар етіп, оның тұрақты екенін айтты. Қылмыстық құқық бұзушылықтар санының тұрақты төмендеуі байқалады. Мақсатты алдын алу шаралары кісі өлтіру, тонау, зорлық-зомбылық, ұрлық, мал ұрлығы мен бұзақылықты азайтуға мүмкіндік берді. Қоғамдық орындарда, көшелерде қылмыс азайды.

Өткен жылы облыс полициясы 214 келіден астам есірткі, оның ішінде 556 г героин, 2 килограмнан астам "синтетика"тәркіледі. "Кибернадзор" жүйесінің көмегімен зиянды контент, психоактивті заттар мен есірткілердің жаңа түрлерінің жарнамасы бар 397 сайт пен сілтемелер бұғатталды, - деп атап өтті Ерлан Омарбеков.


Қостанай облысы ПД бастығы биыл облыс орталығы аудандарының криминогенділігін талдау негізінде тұрғын үйлердің аулаларында 1000 бейнекамера орнатылатынын хабарлады.

Сондай-ақ, облыста "Қорғау" бағдарламасы іске қосылады. Ол қазіргі уақытта республиканың 6 қаласында қолданылады. Мемлекеттік нөмірлік белгі бойынша көлік құралдарын анықтау және іздеу функциясы бар сондай-ақ, жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарын тіркеудің кең спектрі бар 60 "Сергек" автоматты бағдарламалық кешенін орнату жоспарлануда. Сонымен қатар, Алтынсарин, Федоров, Амангелді аудандарында "Автоураган" аппараттық-бағдарламалық кешені пайда болады.

- Өткен жылы автоматты түрде тіркейтін құралдардың көмегімен міндетті сақтандыру шартын жасаспай көлік құралдарын басқарған 2500-ден астам жүргізуші анықталды. Цифрлық технологияларды енгізу жол қозғалысы мәдениетін арттыратынына сенімдімін, - деп атап өтті Ерлан Омарбеков.

Облыста камералар саны шамамен 30 мыңды құрайды (29208). Оның 8216-сы жедел басқару орталығы мен кезекші бөлімдерге қосылған. Камералардың көмегімен 300 қылмыс ашылды, 42 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді.

01 марта 2023
Қостанай облысында студенттерге полиция қызметіне қалай жұмысқа тұруға болатыны туралы айтылды

Қостанай облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Ардақ Ынтықбаев З.Алдамжар атындағы ҚСТУ заң факультетінің студенттерімен кездесті.


Кездесу барысында студенттерге ішкі істер органы саласына қызметке кіру тәртібі және ҚР ІІМ-де бастапқы даярлықтан өту шарттары таныстырылды. Ардақ Ынтықбаев мемлекет полицейлер үшін әлеуметтік пакет, оның ішінде пәтер ақысы көзделгенін атап өтті. Айта кету керек, алдағы уақытта да ішкі істер органдары қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау тек арта түседі.


- Құқық қорғау қызметі-ол қауіпсіздікті, заңдылықты және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуді көздейді. Маңызды міндет - еліміздің игілігі үшін лайықты қызмет атқару және табысты жұмыс істеу, Егер сіз полиция мамандығын таңдасаңыз, сіз азаматтар мен қауіпсіздік арасындағы маңызды буын боласыз, - деп атап өтті ол.


Кездесуде студенттерге қызметке орналасу ережелері мен кандидаттарды іріктеу критерийлері туралы егжей-тегжейлі айтылды.


- Мен заң институтының екінші курс студентімін. Мен кім болғым келеді деп көп ойладым және полиция қызметкері болғым келеді деп шештім. Мамандықтың беделі жоғары, ең бастысы сұранысқа ие. Мен онда өзімді дамыта алатыныма сенімдімін, - деді кездесуге қатысушылардың бірі Қуаныш Иса.

01 марта 2023
Қостанай облысында полицейлер бірнеше ұрлыққа қатысы бар деген күдіктіні ұстады

Жедел – іздестіру іс-шараларын өткізу барысында полицейлер бұрын сотталған 32 жастағы Тобыл қаласының тұрғынын анықтап, ұстады.


Жәбірленуші облыс аумағында пәтер ұрлығының 4 дерегін жасады деп күдіктелуде. Ол терезелерді бұзу арқылы үйлерге кіріп отырған.


Мәселен, Заречный ауылында ол жеке үйге кіріп, сони плейстешиннің екі ойын консолін және 100 мың теңге сомасында ақша қаражатын ұрлап кетті. Тобыл қаласында үй иесінен 10 млн теңгенің зергерлік бұйымдарын ұрлап әкетсе, басқа үйден 500 мың теңгенің ақшалай қаражаты мен алтынын ұрлап кеткен.


-Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бұрын сотталған 32 жастағы ер адамды ұстады. Ол негізінен жеке үйлерде ұрлық жасаған. Ұрланған екі ойын консолі соня плейстешин,зергерлік бұйымдар ішінара тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына қоса тіркелді, - деді Қостанай облысы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Ербол Қайырбеков.


Полиция ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша "Ірі көлемде жасалған ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Оған 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.

27 февраля 2023
Демалыс күндері Қостанай полицейлері жүргізушілерге көмек көрсетті

Патрульдік полиция қызметкерлері Данияр Асылхан өзінің серіктесі Азамат Ересеевпен бірге жолдан шығып кеткен көлік жүргізушілеріне көмектесті. Олар құтқару операциясы үшін жол қызметтерінің жұмысын ұйымдастырып қана қоймай, жолдағы қарды өздері күрекпен тазартты.

Қостанай-Әулиекөл-Сұрған автожолының 187-шақырымында қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен көлікпен соқтығысу салдарынан "Камаз" жүргізушісі жолдың жиегіне шығып кетті. Тіркемесі бар ауыр техника Ресей Федерациясынан Қарағанды облысына жүк апара жатқан.

Жүк көлігі жол жиегіне терең түсіп кеткендіктен өздігінен шыға алмады. Құтқару операциясы бір тәуліктен астам уақытты алды.

- Жолды патрульдеу кезінде біз кюветке түсіп кеткен ауыр жүк көлігін көрдік. Ол қарға терең батып кеткен. Біз жүргізушіге көмектесу үшін барлық қажетті көмекті ұйымдастырдық. Көлікті жол бетіне шығарғаннан кейін жүргізуші Қарағандыға бет алды, - деді Данияр Асылхан.

Камаз жүргізушісі Олег Лысых полицейлерге көрсеткен көмегі үшін алғыс айтып, тәртіп сақшыларына жұмыста сәттілік тіледі.

Сондай-ақ, полицейлер Данияр Асылхан мен Азамат Ересеев Қойбағар ауылының маңында апатқа ұшыраған Тойота Альфард көлігін кюветтен шығаруға көмектесті.

Демалыс күндері патрульдік полиция қызметкерлері күшейтілген кестеде қызмет атқарды. Полиция жүргізушілерден жол қауіпсіздігін сақтауды сұрайды. Аймақтағы ауа-райы үнемі өзгеріп отырады.

23 февраля 2023
Қостанай полицейлері жалған мемлекеттік нөмір таққан 2 автокөлік иесін анықтады

Жалған нөмірлері бар жүргізушілер Қарабалық және Жітіқара аудандарының аумағында жүрген. Бұл деректер "Қауіпсіз жол" жедел алдын-алу іс-шарасы аясында анықталды. Оларға ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігі бойынша жаза қолданылады. Ол бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға алуға және көлік құралдарын басқару құқығынан бір жыл мерзімге айыруға әкеп соғады.

Қостанай облысында жедел-профилактикалық іс-шара аясында 3 күн ішінде барлығы 1250 бұзушылық анықталды.

- Мас күйінде көлікті басқарғаны үшін жедел алдын-алу іс-шарасы барысында 25 жүргізуші ұсталды. Көлікті басқару құқығынан айырылған адамдардың рөлге отырған 5 фактісі, сондай-ақ басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын тізгіндеген 22 дерегі анықталды. 82 жүргізуші жылдамдықты асырғаны үшін жазаланды. Сондай - ақ көлік құралын заңсыз қайта жабдықтаудың 23 фактісі тіркелді. Мамандандырылған айып тұрағына 40-тан астам автокөлік жіберілді, - деді Қостанай облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Жеңіс Бисембаев.

Сондай-ақ, полицейлер жолдар мен жол құрылыстарына 125 қосымша тексеру жүргізді. Жолдарды күтіп ұстаудағы кемшіліктерді жою бойынша 122 нұсқама берілді. Жолдарды талапқа сай ұстамағаны үшін 14 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Естеріңізге сала кетейік, "Қауіпсіз жол" республикалық жедел алдын-алу іс-шарасы жол қауіпсіздігін күшейту, облыстың автомобиль жолдарындағы апаттылықты азайту, сондай-ақ облыс аумағында жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында 20-24 ақпан аралығында өтеді.

21 февраля 2023
Қостанай облысының Полиция департаментінде жаңа орынбасары тағайындалды

ҚР ІІМ министрінің бұйрығымен Қостанай облысы ПД бастығының орынбасары лауазымына полиция полковнигі Евнеев Қайрат Анатольевич тағайындалды.

Қайрат Евнеев 1979 жылы 19 шілдеде Ресей Федерациясының Орынбор облысы, Орск қаласында дүниеге келген. 2001 жылы Орынбор мемлекеттік университетін, 2006 жылы «Қайнар» университетін бітірген.

2004 жылдан бастап полиция қызметін Астана қаласы ІІМ ІІМ технологиялық бөлімшесінің маманы инженері ретінде бастады.

ҚР ІІМ Жедел жоспарлау және арнайы даярлау бөліністерінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.

Тағайындалғанға дейін ҚР ІІМ Арнайы және жұмылдыру даярлығы департаментінің бастығы қызметін атқарды.

ҚР ІІМ Министрінің бұйрығымен бұрын осы лауазымды атқарған полиция полковнигі Құрмет Мажикенов Жамбыл облысы ПД бастығының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

21 февраля 2023
Қостанай облысының ПД қылмыстық істерінің 95%-ы электрондық форматта тергеледі

Бұл туралы Қостанай облысы ПД бастығы Ерлан Омарбеков фейсбукте хабарлады.

Электронды түрде тергеудің толық форматына көшу үшін полиция бөліністерінде Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті қызметкерлерінің қатысуымен кеңес өткізілуде.

Бүгінде бұл форматта Рудный қаласы Полиция басқармасының тергеушілері мен анықтаушылары жұмыс істеді. Кеңес жұмысына Рудный қаласы әкімінің міндетін атқарушы Виктор Ионенко және ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Қостанай облысы бойынша комитетінің бастығы 3 сыныпты мемлекеттік кеңесшісі Марат Кайбжанов және Рудный қаласының прокуроры Акбар Абдильдин қатысады.

- Облыстың аумақтық бөліністерінде бұл жұмыс үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Тергеу және анықтау бөлімшелері 2018 жылдан бастап дербес компьютерлермен толық жабдықталған, интернет байланысы жолға қойылған. Оң нәтижелер де бар. Тек осы жылдың басынан бастап сот электронды форматта 267 қылмыстық іс келіп түсті, - деп атап өтті Ерлан Омарбеков.

Электрондық қылмыстық істерді енгізу қылмысты тіркеуден, сотқа дейінгі тергеп-тексеруден, сот талқылауынан және жазаны орындаудың соңына дейінгі барлық қылмыстық процесті қамтиды. Тергеу барысы қадағалаушы прокурорға, сондай-ақ қорғаныс тарапына қылмыстық іс жүргізу кодексінде белгіленген көлемде онлайн режимінде қолжетімді болды.

Нәтиже қылмыстық процестің мерзімін қысқартуды, қағаз құжат айналымы шығындарын оңтайландыруды және нақты уақыт режимінде іс материалдарына қол жеткізуді қамтамасыз етуді көрсетеді.

14 февраля 2023
Қостанай облысы ПД қауіпсіздік мәселелерін қоғам белсенділерімен шешеді

Қостанай облысының полиция департаментінде консультативтік-кеңесші органның отырысы өтті. Онда жұртшылықпен әріптестік аясында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасы талқыланды.

Кеңесте Қостанай облысы ПД бастығы Ерлан Омарбеков қоғаммен тығыз әріптестікті орнатуға септігін тигізетін бағыттармен таныстырды.

- Бұл полиция жұмысын трансформациялау, азаматтардың жеке, мүліктік және қоғамдық қауіпсіздік қажеттіліктеріне бағдарланған модельге көшу жөніндегі шаралар. Басты мақсат - қоғамның сұраныстарына сәйкес келу, - деп атап өтті Ерлан Омарбеков.

Консультативтік кеңес органы өкілдері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдағы отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелерін шешу, сондай-ақ интернет-алаяқтықтың алдын алу сияқты мәселелердің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, кеңеске қатысушыларды Департаментте жүзеге асырылып жатқан жаңа жобамен таныстырды. Ол ведомствода үлгілі полиция мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

- Біз полицияда болып жатқан өзгерістерді көріп отырмыз. Бүгінгі таңда қоғаммен тығыз диалог жүргізіліп жатқаны маңызды, онсыз құқықтық тәртіп мәселелерін шешу қиын, - деп атап өтті ІІО ардагері, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің аға оқытушысы Сәрсенғали Аралбаев.

Қоғам қайраткері, журналист Аркадий Денисов түрлі институттарды құқықтық тәртіп мәселелеріне тарту "Қоғам-полиция" парадигмасын өзгертуге мүмкіндік беретініне сенімді. Кеңес соңында консультативтік кеңес органы өкілдері тұжырымдамаға бірқатар ұсыныстар енгізіп, перспективалы жұмыс жоспарын белгіледі.

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы