Қарағанды полицейлері Ұлы Жеңіс құрметіне батырларды еске алды

Қарағанды полицейлері Ұлы Жеңіс құрметіне батырларды еске алды

Қарағанды полицейлері Ұлы Жеңіс құрметіне батырларды еске алды

Қарағанды қаласының полиция қызметкерлері 9 мамыр – Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысының ардагерлерін еске алып, салтанатты шара өткізді. Полицейлер соғыс батырларына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікпен құрмет көрсетті. Биыл Қарағанды қаласына «Еңбек даңқы қаласы» атағы беріліп, бұл мәртебе оның соғыс жылдарындағы ерен еңбегінің ресми мойындалуы болды. Қала ауыр кезеңдерде еліміздің басты көмір орталығы ретінде майдан мен тылға қуат берді. Соғыс жылдарында Қарағандыда ер-азаматтар майданда шайқасып жатқанда, олардың орнын зауыттар мен шахталарда әйелдер, қарттар мен жастар басты. «Бәрі майдан үшін! Бәрі Жеңіс үшін!» деген ұран халықтың еңбек майданындағы қаһармандығын айқындады. Қаланың госпитальдары жараланған жауынгерлерді қабылдап, көпшілігін қатарға қайта қосты. Ал майданға қайта орала алмағандар тыл еңбегіне белсене араласты. Жеңіс күніне арналған шара А. Бөкейхан атындағы саябақта жалғасын тауып, Қарағанды полициясының жеке құрамы концерттік бағдарлама ұсынды. Соғыс жылдарындағы әндер көрермендерді бірлік пен ерліктің рухына бөледі. Жас полицейлер сахнада өнер көрсете отырып, Отан алдындағы борышын адал атқаруға және ата-бабалар ерлігін мәңгі есте сақтауға дайын екендерін паш етті.