Приозерск қаласында мас жүргізуші 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды

Приозерск қаласында мас жүргізуші 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды

Приозерск қаласында мас жүргізуші 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды
29 сәуірде Қарағанды облысының Приозерск қаласында «Қауіпсіз жол» және «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-профилактикалық іс-шаралары барысында патрульдік полиция қызметкерлері «ВАЗ 2110» маркалы автокөлікті тоқтатты. Құжаттарды тексеру кезінде тәртіп сақшылары жүргізушінің алкогольдік мас күйде екенін байқап, қосымша шаралар қабылдады. Жүргізушіден ішімдіктің өткір иісі аңқып тұрғаны медициналық куәландыруға негіз болды. Сараптама нәтижесі жүргізушінің спирттік ішімдік тұтынғанын растады. 32 жастағы Ресей Федерациясының азаматына қатысты іс материалдары сотқа жолданды.
Сот отырысы барысында ұсынылған дәлелдерге сүйене отырып, судья құқық бұзушыны кінәлі деп таныды. Сот шешімімен азамат 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жыл мерзімге барлық санаттағы көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды. Бұл оқиға – жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзудың салдары мен жауапкершілігін көрсететін нақты мысал. Сонымен қатар, аталған факт өңірде құқықтық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жүргізіліп жатқан жедел-профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін дәлелдейді.