Шетел азаматтары қарағандылық полицейлердің кәсіби және адами қарым-қатынасына алғыс білдірді

Шетел азаматтары қарағандылық полицейлердің кәсіби және адами қарым-қатынасына алғыс білдірді

Шетел азаматтары қарағандылық полицейлердің кәсіби және адами қарым-қатынасына алғыс білдірді. Қарағанды облысы Полиция департаментінің атына шетелдік азаматтардан алғыс хаты келіп түсті. Хатта көші-қон қызметі мамандарының кәсібилігі мен адамгершілікке толы қарым-қатынасы үшін ризашылық білдірілген. Жақын шет елден келген әйел ұлымен бірге Қарағанды қаласының Оңтүстік-Шығыс Полиция бөлімінің көші-қон қызметіне жүгінген. Қызмет көрсету барысында олар аға инспектор Гүзяль Тұрғамбаеваның жоғары деңгейдегі біліктілігіне және азаматтарға деген шынайы ықыласына ерекше риза болды. Әйелдің айтуынша, инспектор барлық қажетті ақпаратты егжей-тегжейлі түсіндіріп, құжаттарды толтыру тәртібімен таныстырған, сондай-ақ анасы – зейнет жасындағы азаматшаның жағдайына барынша түсіністікпен қарап, жеке қабылдау уақытын ыңғайлап ұйымдастырған. Сонымен қатар, көші-қон қызметі бөлімшесінің бастығы Әмір Тоғайбаевқа да зор алғыс айтылды. Қызметкерлер ақпараттық жүйеде техникалық ақау туындаған сәтте де үйлесімді және жедел әрекет етіп, келушілерге сапалы әрі уақытылы қызмет көрсете білді. Келушілер өз хаттарында көрсетілген қамқорлық пен қолдау, сондай-ақ кәсіби біліктілік үшін ерекше ризашылық білдіріп, бұл жағдай Қарағанды облысы Полиция департаментінің жоғары қызмет мәдениетінің көрінісі екенін атап өтті.