Қарағандының Теміржол аумағындағы ұрлықтардың ізі суымай ашылды
Қарағанды қаласының Теміржол полиция бөлімінің кезекші бөліміне бейсенбіден жұмаға қараған түні бір сағаттың ішінде үш бірдей ұрлық туралы арыз түсті. Барлық дерек бойынша ұқсастық байқалды: белгісіз біреу жеке үйлерге кіріп, мүліктерді ұрлап кеткен. Ұрланған заттардан келген шығын сомасы 2 мың теңгеден 190 мың теңгеге дейін жеткен.
Оқиға орындарына жедел-тергеу топтары дереу шықты. Тергеушілерді таң қалдырған жайт – барлық жағдайда ұры үйлердің жанында тұрған автокөліктердің кілттерін де ұрлап кеткен.
Теміржол полиция бөлімінің жедел тергеу тобы мен патрульдік полиция экипаждарының үйлесімді жұмысының нәтижесінде күдікті — Қарағандының 25 жастағы тұрғыны ұсталды. Оның қолынан ұрланған мүліктер тәркіленді. Барлық үш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу шеңберінде ұсталған азаматтың бұрын жасалған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Қарағанды облысының полиция қызметкерлері азаматтарға жеке мүліктерін сақтауда сақтық шараларын күшейтуді және бөгде адамдарға назар аударуды ескертеді.