Қарағанды облысында көші-қон заңнамасын бұзған жұмыс берушіге 792 мың теңге айыппұл салынды

Қарағанды облысында көші-қон заңнамасын бұзған жұмыс берушіге 792 мың теңге айыппұл салынды

Қарағанды облысында көші-қон заңнамасын бұзған жұмыс берушіге 792 мың теңге айыппұл салынды
Қарағанды облысында көші-қон саласындағы заңбұзушылықтар Полиция департаментінің ерекше бақылауында. Күн сайын өңірде көші-қон заңнамасын бұзудың ондаған дерегі анықталуда. Ең жиі кездесетін жағдайлар – шетел азаматтарының келу мақсаттарының нақты қызметпен сәйкес келмеуі және елде болу мерзімінің заңда белгіленген уақыттан асып кетуі.
Аталған құқықбұзушылықтардың негізгі себебі – жұмыс берушілер тарапынан көші-қон талаптарын елемеу. Заңды айналып өтіп, табысын арттыруды көздейтін кей кәсіпкерлер шетелдік жұмыс күшін тарту рәсімдерін сақтамайды. Нәтижесінде шетел азаматтары құрылыс, өндіріс, қызмет көрсету сынды салаларда заңсыз жұмыс істеуге мәжбүр болады.
Мәселен, жақында бетон бұйымдарын өндіретін зауытта жүргізілген тексеріс барысында көршілес елдің 30 азаматының заңсыз еңбекке тартылғаны белгілі болды. Бұл факті бойынша шетелдіктерге қатысты әкімшілік материалдар жиналып, сотқа жолданды. Ал заңбұзушылыққа жол берген жұмыс берушіге 792 400 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Қарағанды облысы Полиция департаменті өңір тұрғындарын көші-қон заңнамасын қатаң сақтауға шақырады. Атап айтқанда, шетел азаматтарының Қазақстанға келуі туралы ақпаратты көші-қон қызметіне үш жұмыс күні ішінде хабарлау міндетті екенін ескертеді. Бұл талапты орындамау – әкімшілік жауапкершілікке әкеледі.