Қарағанды облысының полициясы — экологиялық тәртіптің күзетінде
Қарағанды облысында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында табиғатты қорғау және аймақты абаттандыру бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Бұл бастама облыс тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға, сондай-ақ санитарлық және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған. 2024 жылдың басынан бері учаскелік полиция инспекторлары абаттандыру және санитарлық нормаларды бұзған 12 мыңға жуық азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты. Тәртіп бұзушыларға заңнама талаптарын түсіндірумен қатар, ескерту және айыппұл салу шаралары қолданылуда. Көктемгі су тасқынына дайындық шеңберінде қалалар мен ауылдардан 11 мыңнан астам жүк көлігі қар шығарылды. Бұл жұмыстарға мердігер ұйымдар мен коммуналдық қызметтер жұмылдырылды. Сонымен қатар, абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін 170 ұйым мен кәсіпорын басшысына жалпы сомасы 1,2 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.
Қоғамдық тәртіпке бейжай қарағаны үшін 17 ПИК төрағасы мен 7 үйдің жауаптылары үйлер мен оларға іргелес аумақтарды күтіп-ұстау талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды.
Тек соңғы аптаның өзінде 700-ден астам құқықбұзушылық анықталып, нәтижесінде 500 жүк көлігі қар көшелерден шығарылды. Қала сыртындағы тас жолдарда да қар мен қатты қалдықтарды тазалау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Қарағанды облысының полиция департаменті қоғаммен бірлесіп, өңірдің экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында аталған бағыттағы жұмыстарды жалғастыра беретін болады.