
Қарағандыда дүкендерге түнде ұрлыққа түскен ұсталды
Қарағандыда, түнде белгісіз біреу зоо дүкенін тонап кеткен. Кіреберіс есікті сындырып, ол кассадан ақша, ноутбук және жануарлардың суреттері бар жапсырмаларды ұрлап кеткен. Шығын 90 мың теңгеге бағаланды. Орталық полиция бөлімінің қызметкерлері іздестіру шаралары барысында 27 жастағы қарағандылықтың ізіне түсті. Күдікті жасаған ісін мойындап, тоналған заттарды қайтарды.
Жауап алу кезінде ер адам тағы бір ұрлық жасағанын мойындады. 39 жастағы қала тұрғынына тиесілі бұрын қолданыста болған гаджеттерді сату бутигінің сөресін бұзып, төрт ұялы телефон, портативті колонка алып, кассадан түскен ақшаны жымқырған. Шығын 165 мың теңгені құрады.
Қазіргі уақытта ұсталған адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Полиция оның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеруде.